https://sputnik.kz/20240226/toqaev-oskemendegi-ustel-tennisi-ortalygyna-syylyq-zhasady-42517950.html
Тоқаев Өскемендегі Үстел теннисі орталығына сыйлық жасады
Тоқаев Өскемендегі Үстел теннисі орталығына сыйлық жасады
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев орталыққа автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі 26.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-26T17:12+0500
2024-02-26T17:12+0500
2024-02-26T17:12+0500
теннис
https://sputnik.kz/img/07e8/02/1a/42517496_0:127:3190:1921_1920x0_80_0_0_e62952c1eaebc06d51d8a2e1cc2b4c02.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өскемен қаласындағы Үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты, деп хбарлады Ақорда.Президентке берілген мәліметке сәйкес, орталық үстел теннисі бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Мұнда ірі жарыстар, бұқаралық спорт шаралары мен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Сондай-ақ инваклуб спортшылары, "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби дәрістер, шоудаун (көзі нашар көретіндерге арналған үстел теннисі) ұйымдастырылады.Ғимарат кәсіби теннис үстелдерімен және басқа да спорт құралдарымен жабдықталған. Орталықта спортшылардың жарыстардан кейін және жарақат алған кезде физиотерапия ем-шараларын алып, қайта қалыпқа келуі үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған дәрігерлік-денешынықтыру диспансері бар.Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорттың осы түрі бойынша өңірдің жетістіктері туралы мәлімет берілді. Мысалы, өткен жылы облыс командасы Қазақстанның ашық чемпионатында жеңімпаз атанған.Сонымен қатар президентке тәжірибе алмасып, спорттық шеберлігін шыңдау үшін Үстел теннисі академиясын құру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды.Мемлекет басшысы спорт ареналарын аралап көріп, "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілерімен сөйлесті. Президент облыс әкіміне аталған мекеменің жағдайын ерекше бақылауда ұстауды және тәрбиеленушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды."Сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Ал орталыққа келер болсақ, ол, шын мәнінде, жүйелі жұмыс істеп жатыр. Жалпы, үстел теннисімен шұғылдану адами қасиеттер мен спорттық дағдыларды дамыту тұрғысынан пайдалы", – деді мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев орталыққа автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/1a/42517496_231:0:2960:2047_1920x0_80_0_0_66dea05e1ea395a0fe918c59a5eab1d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теннис
Тоқаев Өскемендегі Үстел теннисі орталығына сыйлық жасады
Қасым-Жомарт Тоқаев орталыққа автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өскемен қаласындағы Үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты, деп хбарлады Ақорда.
Президентке берілген мәліметке сәйкес, орталық үстел теннисі бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Мұнда ірі жарыстар, бұқаралық спорт шаралары мен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Сондай-ақ инваклуб спортшылары, "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби дәрістер, шоудаун (көзі нашар көретіндерге арналған үстел теннисі) ұйымдастырылады.
Ғимарат кәсіби теннис үстелдерімен және басқа да спорт құралдарымен жабдықталған. Орталықта спортшылардың жарыстардан кейін және жарақат алған кезде физиотерапия ем-шараларын алып, қайта қалыпқа келуі үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған дәрігерлік-денешынықтыру диспансері бар.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорттың осы түрі бойынша өңірдің жетістіктері туралы мәлімет берілді. Мысалы, өткен жылы облыс командасы Қазақстанның ашық чемпионатында жеңімпаз атанған.
Сонымен қатар президентке тәжірибе алмасып, спорттық шеберлігін шыңдау үшін Үстел теннисі академиясын құру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысы спорт ареналарын аралап көріп, "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілерімен сөйлесті. Президент облыс әкіміне аталған мекеменің жағдайын ерекше бақылауда ұстауды және тәрбиеленушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды.
"Сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Ал орталыққа келер болсақ, ол, шын мәнінде, жүйелі жұмыс істеп жатыр. Жалпы, үстел теннисімен шұғылдану адами қасиеттер мен спорттық дағдыларды дамыту тұрғысынан пайдалы", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев орталыққа автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі.