https://sputnik.kz/20240226/segiz-onirde-auyr-zhuk-kolikterinin-qozgalysyna-uaqytsha-shekteu-qoyylady-42501253.html
Сегіз өңірде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Сегіз өңірде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Sputnik Қазақстан
Наурыз айының соңына қарай мұндай шектеу тағы тоғыз облыста енгізіледі 26.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-26T11:25+0500
2024-02-26T11:25+0500
2024-02-26T11:25+0500
қоғам
жол
жүк көлігі
қозғалысты шектеу
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437113_0:155:1600:1055_1920x0_80_0_0_141bb1c02b9c055321c71b33e5c1bee8.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Биыл 1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.Дәлірек айтқанда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары "бесінші жол-климаттық аймаққа" кіреді. Уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан 1 сәуірге дейін күшінде болады.Министрлік атап өткендей, шектеу халықаралық жүктер мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек, азық-түлік, багаж, дәрі-дәрмек таситын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөліктерге қатысты қолданылмайды.Дәл осындай шектеулер 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да енгізіледі, деп мәлімдеді ведомстводағылар.
https://sputnik.kz/20240215/qazaqstanda-aqyly-zholdardyn-tarifi-koteriledi-42312946.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437113_130:0:1553:1067_1920x0_80_0_0_c061427a62162bcd44e37867b5634930.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, жүк көлігі, қозғалысты шектеу
жол, жүк көлігі, қозғалысты шектеу
Сегіз өңірде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Наурыз айының соңына қарай мұндай шектеу тағы тоғыз облыста енгізіледі
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Биыл 1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"Жыл сайын көктем мезгілінде республикалық маңызы бар жолдарды қыстан кейін сақтау және күтіп ұстау үшін бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бірінші наурыздан бастап мұндай ереже 8 облыстағы трассаларда қолданылады", - деп хабарлайды көлік министрлігі.
Дәлірек айтқанда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары "бесінші жол-климаттық аймаққа" кіреді. Уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан 1 сәуірге дейін күшінде болады.
Министрлік атап өткендей, шектеу халықаралық жүктер мен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек, азық-түлік, багаж, дәрі-дәрмек таситын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөліктерге қатысты қолданылмайды.
Дәл осындай шектеулер 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да енгізіледі, деп мәлімдеді ведомстводағылар.