https://sputnik.kz/20240226/qazaqstandagy-mektepter-zhyldamdygy-zhogary-internetke-qosylady-42500823.html
Қазақстандағы мектептер жылдамдығы жоғары интернетке қосылады
Қазақстандағы мектептер жылдамдығы жоғары интернетке қосылады
Sputnik Қазақстан
Министрліктегілер жылдамдығы жоғары интернет оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді деп... 26.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-26T10:39+0500
2024-02-26T10:39+0500
2024-02-26T10:39+0500
білім
мектеп
интернет
https://sputnik.kz/img/496/64/4966465_0:150:3109:1898_1920x0_80_0_0_a2ac2181e2f9c81c73409a4792896823.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Биыл елдегі орта білім беру ұйымдарын жылдамдығы жоғары және тұрақты интернетпен қамту 65%-тен 80%-ке дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Ведомство бұл шара оқыту үшін қолайлы жағдай жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті."Мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылығы бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жылдамдығы жоғары интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасауға, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді", - деп мәлімдеді министрліктің цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.Айта кетері, министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру және шалғай, тұрғыны аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20240220/mausymda-qayta-qaraymyz-bektenov-zhayly-mektep-zhobasyndagy-shikilikter-zhayly-aytty-42389860.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/64/4966465_188:0:2919:2048_1920x0_80_0_0_b969bff9629620700f1628af5966e772.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, интернет
Қазақстандағы мектептер жылдамдығы жоғары интернетке қосылады
Министрліктегілер жылдамдығы жоғары интернет оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді деп санайды
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Биыл елдегі орта білім беру ұйымдарын жылдамдығы жоғары және тұрақты интернетпен қамту 65%-тен 80%-ке дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство бұл шара оқыту үшін қолайлы жағдай жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
"Мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылығы бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жылдамдығы жоғары интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасауға, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді", - деп мәлімдеді министрліктің цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Айта кетері, министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру және шалғай, тұрғыны аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.