https://sputnik.kz/20240226/qarzhy-piramidasynan-187-mln-tengege-kriptovalyuta-tarkilendi-42500419.html
Қаржы пирамидасынан 187 млн теңгеге криптовалюта тәркіленді
Қаржы пирамидасынан 187 млн теңгеге криптовалюта тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Астананың 500-ден астам тұрғыны қаржы пирамидасына ақша салған 26.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-26T10:20+0500
2024-02-26T10:20+0500
2024-02-26T10:20+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d5e89b8e833aaecc717ba098cebb012e.jpg
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Астанада Eolus қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің ұйымдастырушысы ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.Сотталушы 2023 жылы Еnergy eolus QAZAQSTAN компаниясына АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу үшін жеке тұлғалардың ақшасын тартқан.Ақша криптовалюта түрінде тартылған және есепке алу және қайта бөлу үшін energyeolus.info платформасында көрсетілген, оны шетелдік хакерлер жасаған.Астанада 535 адам өз қаражатын салған.Сот шешімімен 187 млн теңгеге баламалы 408 мың USDt мөлшеріндегі криптовалюта мемлекет кірісіне тәркіленді.Тетер (USDT) – бағасы доллар құнына байланысты гибридті крипто-фиат валютасы. Бір USDT бір АҚШ долларына тең.Сот ұйымдастырушыны кінәлі деп тауып, мүлкі тәркіленіп, азаматтардың ақшалай қаражаттары мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырды және 6 жылға үкім шығарды.Агенттік қаржы пирамидасын құрғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік пен жаза қарастырылғанын еске салды.Сіз компанияны финпирамида белгілерін baiqa, piramida Telegram боты арқылы тексере аласыз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_749:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f1e75688b5435d2170ac5b23bc652675.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Қаржы пирамидасынан 187 млн теңгеге криптовалюта тәркіленді
Астананың 500-ден астам тұрғыны қаржы пирамидасына ақша салған
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Астанада Eolus қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің ұйымдастырушысы ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.
Сотталушы 2023 жылы Еnergy eolus QAZAQSTAN компаниясына АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу үшін жеке тұлғалардың ақшасын тартқан.
Ақша криптовалюта түрінде тартылған және есепке алу және қайта бөлу үшін energyeolus.info платформасында көрсетілген, оны шетелдік хакерлер жасаған.
Астанада 535 адам өз қаражатын салған.
Сот шешімімен 187 млн теңгеге баламалы 408 мың USDt мөлшеріндегі криптовалюта мемлекет кірісіне тәркіленді.
Тетер (USDT) – бағасы доллар құнына байланысты гибридті крипто-фиат валютасы. Бір USDT бір АҚШ долларына тең.
Сот ұйымдастырушыны кінәлі деп тауып, мүлкі тәркіленіп, азаматтардың ақшалай қаражаттары мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырды және 6 жылға үкім шығарды.
Агенттік қаржы пирамидасын құрғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік пен жаза қарастырылғанын еске салды.
Сіз компанияны финпирамида белгілерін baiqa, piramida Telegram боты арқылы тексере аласыз.