https://sputnik.kz/20240226/putinnin-amerikalyq-zhurnaliske-bergen-sukhbaty-qazaqshaga-audaryldy-42521213.html
Путиннің америкалық журналиске берген сұхбаты қазақшаға аударылды
Путиннің америкалық журналиске берген сұхбаты қазақшаға аударылды
Sputnik Қазақстан
Сұхбатта ресей президенті Украина және "Солтүстік ағын" газ құбыры төңірегіндегі жағдай, Батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы көптеген сұраққа жауап... 26.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-26T19:12+0500
2024-02-26T19:12+0500
2024-02-26T19:16+0500
ресей
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e8/02/09/42192929_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_1f2f895104729c41f88abeb54d468476.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің жақында америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбаты қазақ тіліне аударылды.Ресейдің Қазақстандағы елшілігі сұхбат мәтінін қазақ тіліне аударған @yurtonline арнасының командасына алғысын білдірді. Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонмен сұхбаты екі сағаттан астам уақытқа созылды.Владимир Путин Украина және "Солтүстік ағын" газ құбыры төңірегіндегі жағдай, Батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынас неліктен бұлай өрбігені туралы көптеген сұраққа жауап берді.Владимир Путин Такер Карлсонмен сұхбатын бірнеше минутқа созылған тарихи деректермен бастады. Ол Русь империясының құрылуынан бастап, Кеңес Одағының ыдырауы және Украинаның тәуелсіздік алуына дейін тоқталды.Америкалық журналист Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейге дейін шиеленісуіне не себеп болғанын сұрады. Бұл орайда Владимир Путин Ресей барлық кезде ынтымақтастыққа ұмтылғанын, тіпті сол кезде АҚШ президенті болған Билл Клинтонға Ресейдің НАТО-ға кіру ықтималдылығы туралы сұрақ қойғанын еске салды.Путиннің айтуынша, Ресей тіпті АҚШ, Еуропа және Ресей зымыран шабуылына қарсы бірлескен қорғаныс жүйесін құруды ұсынған. Алайда америкалық шенеуніктер ұзақ талқылаудан кейін бұл ұсынысқа келісетінін, бірақ нақты талаптары бар екенін мәлімдеген. Сондықтан Ресей өзінің зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін және мұндай жүйелерді еңсере алатын соққы құралдарын әзірлеуге белсене кіріскен.
https://sputnik.kz/20240209/putin-zelenskiyde-reseymen-kelissoz-zhurgizu-erkindigi-boldy-42179002.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/09/42192929_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_b035c86f9e58aa7c1891f0e1877a6b57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, владимир путин
Путиннің америкалық журналиске берген сұхбаты қазақшаға аударылды
19:12 26.02.2024 (жаңартылды: 19:16 26.02.2024) Сұхбатта ресей президенті Украина және "Солтүстік ағын" газ құбыры төңірегіндегі жағдай, Батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы көптеген сұраққа жауап берді
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің жақында америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбаты қазақ тіліне аударылды.
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі сұхбат мәтінін қазақ тіліне аударған
@yurtonline арнасының командасына алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонмен сұхбаты екі сағаттан астам уақытқа созылды.
Владимир Путин Украина және "Солтүстік ағын" газ құбыры төңірегіндегі жағдай, Батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынас неліктен бұлай өрбігені туралы көптеген сұраққа жауап берді.
Владимир Путин Такер Карлсонмен сұхбатын бірнеше минутқа созылған тарихи деректермен бастады. Ол Русь империясының құрылуынан бастап, Кеңес Одағының ыдырауы және Украинаның тәуелсіздік алуына дейін тоқталды.
Америкалық журналист Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейге дейін шиеленісуіне не себеп болғанын сұрады. Бұл орайда Владимир Путин Ресей барлық кезде ынтымақтастыққа ұмтылғанын, тіпті сол кезде АҚШ президенті болған Билл Клинтонға Ресейдің НАТО-ға кіру ықтималдылығы туралы сұрақ қойғанын еске салды.
Путиннің айтуынша, Ресей тіпті АҚШ, Еуропа және Ресей зымыран шабуылына қарсы бірлескен қорғаныс жүйесін құруды ұсынған. Алайда америкалық шенеуніктер ұзақ талқылаудан кейін бұл ұсынысқа келісетінін, бірақ нақты талаптары бар екенін мәлімдеген. Сондықтан Ресей өзінің зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін және мұндай жүйелерді еңсере алатын соққы құралдарын әзірлеуге белсене кіріскен.