https://sputnik.kz/20240226/ozbekstanda-68-balanyn-olimine-kinalilerge-sot-ukimi-shyqty-42518224.html
Өзбекстанда 68 баланың өліміне кінәлілерге сот үкімі шықты
Өзбекстанда 68 баланың өліміне кінәлілерге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Сотталушыларға 12 бап бойынша айып тағылды 26.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-26T18:51+0500
2024-02-26T18:51+0500
2024-02-26T18:51+0500
өзбекстан
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:432:4608:3024_1920x0_80_0_0_84e6bdc43a7cf427cb9001347394bd24.jpg
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Ташкент қалалық соты 68 баланың өліміне қатысы бар 23 айыпталушыға үкім шығарды, деп хабарлады РИА Новости сот өкіліне сілтеме жасап.Айыпталушылардың кейбірі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.Жантүршігерлік оқиға былтыр болған. Қайтыс болған балалардың бәрі ЖРВИ-ге қарсы үнді препаратын қабылдаған.Ташкент қалалық соты былтыр тамызда қылмыстық істі қарауға кірісті. 21 адамға айып тағылды, оның ішінде фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы басшысы Сардор Кариев те бар. Кейін айыпталушылардың саны 23 адамға, ал істе қайтыс болған балалардың саны 68-ге дейін өсті.Атап айтқанда, Өзбекстанға сироп импорттаушы Үнді Quramax Medical директоры Рагвендра Пратар 20 жылға бас бостандығынан айырылды, Кариев - 18 жыл, оның екі орынбасары – 16 жылға бас бостандығынан айырылды.Сотталушылар 12 бап бойынша кінәлі деп танылды, соның ішінде "қылмысқа қатысу", "қылмысқа дайындық және қылмысқа әрекет жасау", "билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану", "лауазымдық немқұрайлылық" пен "пара беру және алу" бар.Былтыр желтоқсанның соңында Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі зертханалық зерттеулер барысында үнді препаратының құрамында улы зат – этиленгликоль табылғанын хабарлады.Этиленгликоль және ди-этиленгликоль фармацевтикада микроскопиялық дозада қолданылады. Бұл препарат негізінен жарылғыш заттарды, автомобиль қозғалтқыштарына арналған антифриздерді, шыны жууға арналған сұйықтықтарды және пластиктің кейбір түрлерін өндіру үшін пайдаланылады.2022 жылдың қазан айында Гамбия үкіметі жедел бүйрек жеткіліксіздігінен 70 баланың қайтыс болғанын жариялады. Ел билігі бұл өлімге үндінің улы қоспасы бар жөтел сироптарын тұтыну себеп болғанын мәлімдеді. Кейінірек Индонезияда кейбір дәрі-дәрмектердегі этиленгликоль мен ди-этиленгликольдан 141 бала өлгені хабарланды, олардың көпшілігі 5 жасқа толмаған.
https://sputnik.kz/20230811/ozbekstanda-undi-darisinen-65-bala-koz-zhumdy-sot-bastaldy-37579436.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:0:4608:3456_1920x0_80_0_0_94c960f057d8bbe86e7f741553f5d4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, дәрі-дәрмек
Өзбекстанда 68 баланың өліміне кінәлілерге сот үкімі шықты
Сотталушыларға 12 бап бойынша айып тағылды
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Ташкент қалалық соты 68 баланың өліміне қатысы бар 23 айыпталушыға үкім шығарды, деп хабарлады РИА Новости сот өкіліне сілтеме жасап.
Айыпталушылардың кейбірі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жантүршігерлік оқиға былтыр болған. Қайтыс болған балалардың бәрі ЖРВИ-ге қарсы үнді препаратын қабылдаған.
Ташкент қалалық соты былтыр тамызда қылмыстық істі қарауға кірісті. 21 адамға айып тағылды, оның ішінде фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы басшысы Сардор Кариев те бар. Кейін айыпталушылардың саны 23 адамға, ал істе қайтыс болған балалардың саны 68-ге дейін өсті.
"Сот барлық 23 айыпталушыны кінәлі деп тауып, оларға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі", - деді сот өкілі.
Атап айтқанда, Өзбекстанға сироп импорттаушы Үнді Quramax Medical директоры Рагвендра Пратар 20 жылға бас бостандығынан айырылды, Кариев - 18 жыл, оның екі орынбасары – 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылар 12 бап бойынша кінәлі деп танылды, соның ішінде "қылмысқа қатысу", "қылмысқа дайындық және қылмысқа әрекет жасау", "билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану", "лауазымдық немқұрайлылық" пен "пара беру және алу" бар.
Былтыр желтоқсанның соңында Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі зертханалық зерттеулер барысында үнді препаратының құрамында улы зат – этиленгликоль табылғанын хабарлады.
Этиленгликоль және ди-этиленгликоль фармацевтикада микроскопиялық дозада қолданылады. Бұл препарат негізінен жарылғыш заттарды, автомобиль қозғалтқыштарына арналған антифриздерді, шыны жууға арналған сұйықтықтарды және пластиктің кейбір түрлерін өндіру үшін пайдаланылады.
2022 жылдың қазан айында Гамбия үкіметі жедел бүйрек жеткіліксіздігінен 70 баланың қайтыс болғанын жариялады. Ел билігі бұл өлімге үндінің улы қоспасы бар жөтел сироптарын тұтыну себеп болғанын мәлімдеді. Кейінірек Индонезияда кейбір дәрі-дәрмектердегі этиленгликоль мен ди-этиленгликольдан 141 бала өлгені хабарланды, олардың көпшілігі 5 жасқа толмаған.