Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы шешуші матчқа қатысатын құрамын жариялады

© Photo : Казахстанская федерация футболаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2024
Жазылу
Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афинада өтеді
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен болатын ойынға дайындалатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Тізімге мына ойыншылар кіреді:
Қақпашылар: Игорь Шацкий "Ақтөбе", Бекхан Шайзада "Ордабасы", Данил Устименко "Қайрат", Александр Заруцкий "Астана".
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов – барлығы "Астана", Еркін Тапалов, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин – барлығы "Тобыл", Сергей Малый, Темірлан Ерланов – екеуі де "Ордабасы", Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов – екеуі де "Ақтөбе", Нұралы Әліп "Зенит" (Ресей), Александр Зуев "Арсенал" (Тула, Ресей), Лев Скворцов "Химки" (Ресей).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов – барлығы "Ақтөбе", Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат – екеуі де "Астана", Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов – екеуі де "Ордабасы", Әділет Садыбеков "Қайрат", Ислам Чесноков "Тобыл", Бактиер Зайнутдинов "Бешикташ" (Түркия);
Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Елхан Астанов – барлығы "Астана", Иван Свиридов "Елімай", Абат Айымбетов "Адана Демирспорт" (Түркия).
Айта кетері, Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афинада өтеді.
Жаңалықтар
0