https://sputnik.kz/20240226/dnepropetrovskide-zharylys-saldarynan-kasiporyn-gimarattary-zardap-shekti-42504730.html
Днепропетровскіде жарылыс салдарынан кәсіпорын ғимараттары зақымданды
Днепропетровскіде жарылыс салдарынан кәсіпорын ғимараттары зақымданды
Sputnik Қазақстан
Никополь қаласында кәсіпорынның өндірістік үй-жайларының қабырғалары мен терезелері зақымданған 26.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-26T13:24+0500
2024-02-26T13:24+0500
2024-02-26T13:59+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/old/304/79/3047991_0:48:928:570_1920x0_80_0_0_b47b8df27c9e99e4ad011bdce6b940e3.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Украинаның Днепропетровск қаласында жарылыстардан кейін кәсіпорынның өндірістік ғимараттары зақымданды, деп хабарлады Днепропетровск облыстық кеңесінің басшысы Николай Лукашук Telegram арнасында. Алдыңғы түнде украиналық ақпарат құралдары Днепропетровскіде жарылыс болғанын хабарлап, аймақтағы әуе шабуылы туралы ескерту жасады.Оның айтуынша, Никополь қаласында кәсіпорынның өндірістік үй-жайларының қабырғалары мен терезелері зақымданған. Ол қандай кәсіпорындар туралы айтып отырғанын нақтыламады.Ресей қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі лаңкестік әрекеттен кейін екі күннен кейін бастады. Елдің барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалды. Содан бері Украина аймақтарында, кейде бүкіл елде күн сайын әуе шабуылы туралы ескертулер жарияланды. Бұл ретте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина қарулы күштерімен шайқаста ресейлік әскерлер тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымға шабуыл жасамайтынын мәлімдеді.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/304/79/3047991_54:0:875:616_1920x0_80_0_0_20fb38e55ff6607178bb15f5f42dca8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
Днепропетровскіде жарылыс салдарынан кәсіпорын ғимараттары зақымданды
13:24 26.02.2024 (жаңартылды: 13:59 26.02.2024) Никополь қаласында кәсіпорынның өндірістік үй-жайларының қабырғалары мен терезелері зақымданған
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Украинаның Днепропетровск қаласында жарылыстардан кейін кәсіпорынның өндірістік ғимараттары зақымданды, деп хабарлады Днепропетровск облыстық кеңесінің басшысы Николай Лукашук Telegram арнасында.
Алдыңғы түнде украиналық ақпарат құралдары Днепропетровскіде жарылыс болғанын хабарлап, аймақтағы әуе шабуылы туралы ескерту жасады.
"Қалада (Днепропетровск – ред.) кәсіпорынның өндірістік ғимараттары зақымданды", – деп жазды Лукашук.
Оның айтуынша, Никополь қаласында кәсіпорынның өндірістік үй-жайларының қабырғалары мен терезелері зақымданған. Ол қандай кәсіпорындар туралы айтып отырғанын нақтыламады.
Ресей қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі лаңкестік әрекеттен кейін екі күннен кейін бастады. Елдің барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалды.
Содан бері Украина аймақтарында, кейде бүкіл елде күн сайын әуе шабуылы туралы ескертулер жарияланды. Бұл ретте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина қарулы күштерімен шайқаста ресейлік әскерлер тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымға шабуыл жасамайтынын мәлімдеді.