Биыл мектептердің 80 проценті жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Мектептегі компьютер сыныбы
Мектептегі компьютер сыныбы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2024
Жазылу
Бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Биыл орта білім беру ұйымдарын интернетпен қамту 65%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мектептерді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтудың бірнеше маңызды артықшылығы бар екенін атап өтті.
"Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жоғары жылдамдықтағы интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасауға, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді", - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Бұған дейін республика мектептеріне Starlink жабдығының алғашқы партиясы жеткізілгені хабарланған болатын.
"Starlink жабдығының алғашқы партиясы Қазақстанға келді. 500 дана!" - деп жазды цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министр жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін Алматыға барды.
Мусиннің айтуынша, келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады.
Қалған өңірлерге 10 күннен кейін келетін келесі партия жеткізіледі.
Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар шалғайдағы 2000 ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді.
Былтыр қазан айында 10 ауылдық мектеп SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылды. Олардың желідегі деректерді беру жылдамдығы секундына 200 Мбит-ке жетеді.
Жаңалықтар
0