https://sputnik.kz/20240226/bishimbaevtyn-isi-sotqa-tusti-42505119.html
Бишімбаевтың ісі сотқа түсті
Бишімбаевтың ісі сотқа түсті
Sputnik Қазақстан
Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр 26.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-26T12:57+0500
2024-02-26T12:57+0500
2024-02-26T12:57+0500
қуандық бишімбаев
қылмыс
https://sputnik.kz/img/363/40/3634079_0:95:2016:1229_1920x0_80_0_0_3bbb005960b2809a96c5766794a60577.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті. Ол жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталып отыр."2024 жылы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық сотына Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс түсті", - делінген ресми хабарламада.Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр. Олар:Ал Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталып отыр.Сот бес күннің ішінде қылмыстық істі өндіріске алуға шешім қабылдайды.Салтанат Нүкенованың өліміӨткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімін тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/363/40/3634079_126:0:1890:1323_1920x0_80_0_0_bc00f6de2619cb3a1b035a0c133f14cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев, қылмыс
қуандық бишімбаев, қылмыс
Бишімбаевтың ісі сотқа түсті
Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті. Ол жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталып отыр.
"2024 жылы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық сотына Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс түсті", - делінген ресми хабарламада.
Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, басқа адамды қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру қазаға ұшырату (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы - адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру);
Ал Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталып отыр.
Сот бес күннің ішінде қылмыстық істі өндіріске алуға шешім қабылдайды.
Салтанат Нүкенованың өлімі
Өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімін тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.