https://sputnik.kz/20240226/belarus-prezidenti-eaeo-nyn-negizgi-problemasyn-aytty-42518107.html
Беларусь президенті ЕАЭО-ның негізгі проблемасын айтты
Беларусь президенті ЕАЭО-ның негізгі проблемасын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті, деп... 26.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-26T21:12+0500
2024-02-26T21:12+0500
2024-02-26T21:12+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/19/42493705_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_074afa824eafa74768d169ff67aac167.jpg
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті, деп хабарлайды РИА Новости.Кездесу кезінде Беларусь басшысы ЕАЭО-ның негізгі проблемасын көтерді. Оның айтуынша, өзара саудаға кедергі жасайтын тосқауылдарды алып тастау қажет.Оның айтуынша, одаққа мүше елдерге энергетикалық мәселелерге қатысты бір шешімге келу керек. Ал ең бастығы барлығында тең мүмкіндік болуы шарт."Газ бен мұнайдың бірыңғай нарықтары керек. Ортақ нарықты жасауымыз қажет. Одан қаша алмаймыз. Айналамыздағы жағдайды көріп отырсыз. Соның бәрі бізді Еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз қарым-қатынас жасауға итермелеп отыр", - деп атап көрсетті Беларусь президенті.Лукашенконың сөзіне қарағанда, Беларусь пен Ресей ЕАЭО елдері Одақтық мемлекеттің тәжірибесін көбірек алғанына мүдделі.Айта кетері, Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне 1 ақпанда кіріскен болатын. Бұған дейін Беларусь өкілі Михаил Мясникович болған. Ол осы қызметті 2020 жылдан бері атқарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/19/42493705_185:0:2916:2048_1920x0_80_0_0_d721c5e9d9701b97e568098d9e14def5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті, деп хабарлайды РИА Новости.
Кездесу кезінде Беларусь басшысы ЕАЭО-ның негізгі проблемасын көтерді. Оның айтуынша, өзара саудаға кедергі жасайтын тосқауылдарды алып тастау қажет.
"Бізде экономикалық одақтың ішінде бірқатар проблема бар. Соны сіздің төрағалығыңыз кезінде шешуіміз керек. Себебі Қазақстан одақта маңызды рөл атқарады. Бізге сан алуан тосқауылдарды алып тастау керек. Өкінішке қарай, ондай кедергілер әлі де бар", - деді Лукашенко.
Оның айтуынша, одаққа мүше елдерге энергетикалық мәселелерге қатысты бір шешімге келу керек. Ал ең бастығы барлығында тең мүмкіндік болуы шарт.
"Газ бен мұнайдың бірыңғай нарықтары керек. Ортақ нарықты жасауымыз қажет. Одан қаша алмаймыз. Айналамыздағы жағдайды көріп отырсыз. Соның бәрі бізді Еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз қарым-қатынас жасауға итермелеп отыр", - деп атап көрсетті Беларусь президенті.
Лукашенконың сөзіне қарағанда, Беларусь пен Ресей ЕАЭО елдері Одақтық мемлекеттің тәжірибесін көбірек алғанына мүдделі.
Айта кетері, Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне 1 ақпанда кіріскен болатын. Бұған дейін Беларусь өкілі Михаил Мясникович болған. Ол осы қызметті 2020 жылдан бері атқарды.