Беларусьтегі сайлау учаскелері жоғары деңгейде ұйымдастырылған – бақылаушылар

© Sputnik / Виктор ТолочкоВыборы в Беларуси
Выборы в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2024
Жазылу
Беларусьте бірыңғай дауыс беру күні өтіп жатыр
АСТАНА, 25 ақпан - Sputnik. ТМД Парламентаралық ассамблеясының бақылаушылар миссиясы Беларусьте бірыңғай дауыс беру күні жүзден астам сайлау учаскесіне баруды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ассамблеяныңхалықаралық бақылаушылар миссиясының үйлестірушісі, Ресей Федерациясы кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев.
25 ақпанда Косачев Н.Ф.Гастелло атындағы № 21 Минск орта мектебінде сайлау учаскесінің ашылуына қатысты, деп жазады Sputnik Беларуссия.
"Біз сайлауды бақылау сапасы негізінен сол сайлау учаскелерінің санына, бүгінгі біздің бақылау миссиямыздың жүргізетін әңгімелесулер санына байланысты екеніне сенімдіміз", - деп атап өтті ол.
ТМД Парламентаралық ассамблеясының бақылау миссиясы бірнеше топта жұмыс істейтін 44 адамды (парламентшілер, сарапшылар) қамтиды, деп хабарлады Косачев.
"Топтардың әрқайсысының кестесінде 10-нан 20-ға дейін учаске бар. Жалпы100-200-іне барамыз", – деді миссия үйлестірушісі.
Косачев ТМД Парламентаралық ассамблеясының бақылаушылары қандай дүниеге назар аудару керек, кіммен сөйлесу керек деген нақты критерийлер бар екенін түсіндірді.
Дәл осындай пікірді Беларусь және Ресей Одағы Парламенттік жиналысының халықаралық бақылаушыларының үйлестірушісі Виктор Селиверстов білдірді.
"Беларусьтегі сайлаудағы сайлау учаскелері мінсіз ұйымдастырылған", - деді ол журналистерге.
Еске сала кетейік, Беларусьте парламент пен жергілікті кеңестер депутаттарын сайлаудың бірыңғай дауыс беру күні өтуде.
Сайлаушылар ұлттық жиналыстың өкілдер палатасының 110 депутатын және жергілікті деңгейдегі 12 мыңнан астам депутатты таңдауы керек.
Жаңалықтар
0