Астанада жолаушы жүріп бара жатқан автобустан құлап түсті

© Photo : Аккаунт astana_brothers в соцсетяхЖенщина выпала из автобуса
Женщина выпала из автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2024
Жазылу
Автобус жүргізушісі жазаланды
АСТАНА, 25 ақпан - Sputnik. Астанада жолаушы әйелдің жүріп бара жатқан автобустан құлап түскен бейнежазбасы тарады. Жүргізуші жазаланды.
Бейнежазбада адамға лық толы автобусқа әйелдің кіргені түсірілген. Автобустың есігі жартылай жабылған сәтте әйел сыртқа құлап кетеді. Ал автобус жүргізушісі көлікті тоқтатпайды.
Оқиға бір ай бұрын, 25 қаңтарда Қ. Сәтбаев көшесінде болғаны белгілі болды.
"Автобус жүргізушісі жолаушылардың толық отыруына көз жеткізбеген. Салдарынан аялдамада әйел салоннан сыртқа құлап кетті. Жолаушы жарақат алған жоқ. Жүргізуші тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Жаңалықтар
0