Алматы облысында үш адам газдан уланды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2024
Жазылу
Жеке тұрғын үйде пештен ақау шығып, 1974 жылғы үй йесі және оның 2009 және 20100 жылдары туған қыздары газдан уланған
АСТАНА, 25 ақпан - Sputnik. Алматы облысында қатты отынмен жағылатын пештің дұрыс жұмыс істемеуінен бірнеше адам газдан уланды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, 25 ақпанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылындағы жеке тұрғын үйде пештен ақау шығып, 1974 жылғы үй йесі және оның 2009 және 20100 жылдары туған қыздары газдан уланған. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері барды.
ТЖМ қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Жаңалықтар
0