Транскаспий дәлізі арқылы жүк көлемінің 1%-дан аз бөлігі ғана тасымалданады

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2024
Жазылу
Қазақстандық шенеуніктер Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту мәселесін бірнеше рет көтерді, алайда оның жалпы тасымалдағы үлесі әзірге өте төмен
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Транскаспий дәлізі арқылы жүк тасымалдау көлемі 2023 жылы 64%-ке өсіп, 2,8 млн тоннаға жетті, бірақ бұл бағыттың жалпы жүк тасымалдау көлеміндегі үлесі әлі де өте аз, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ұлттық инвесторлар қауымдастығы.
Дәлірек айтсақ, Қазақстанда ТХКБ арқылы тасымалданатын жүктердің үлесі, тіпті осы дәліз арқылы жеткізілімдер 64%-ке өскеннен кейін де, теміржол және теңіз көлігі арқылы жүк тасымалының жалпы көлемінің 1 пайызына да жетпей тұр.
ТХКБ қуатын тағы екі есе арттыруға болады – көлік инфрақұрылымы 6 миллион тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Қазақстан үкіметі 2025 жылға қарай қуатты 10 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Алайда Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша ТХКБ бойынша жүк тасымалы маршруттың операциялық тиімділігі артып, кедергілер жойылған жағдайда ғана 2030 жылға қарай 11 млн тоннаға дейін ұлғайтылуы мүмкін.
ЕҚДБ деректері бойынша дәліздің әлеуеті 2040 жылға қарай 26 млн тоннаға дейін ұлғайтылуы мүмкін, бірақ бұл үшін Орталық Азия елдерінің маршрут маңындағы инфрақұрылымға 18,5 млрд еуро көлемінде инвестиция қажет болады.
ТХКБ әлеуетін арттыру үшін цифрлық шешімдерді қолдана отырып, операциялық басқаруды арттырудан басқа, жеке инвестицияларды тарту және ТХКБ бойынша тасымалдарды 5 есеге арттыруға мүмкіндік беретін "тар жерді" жою керек.
Жаңалықтар
0