https://sputnik.kz/20240224/qazaqstanda-zhuzdegen-qurylys-nysany-litsenziyasyz-salynyp-zhatyr-42479271.html
Қазақстанда жүздеген құрылыс нысаны лицензиясыз салынып жатыр
Қазақстанда жүздеген құрылыс нысаны лицензиясыз салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Елімізде 264 құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартып, рұқсатсыз ғимараттар салып жатыр 24.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-24T18:28+0500
2024-02-24T18:28+0500
2024-02-24T18:28+0500
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854130_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_0f47ee891dab59836b142b931a965004.jpg
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстанда жүздеген құрылыс нысаны лицензиясыз және рұқсатсыз салынып жатыр, деп хабарлады Energyprom.kz.Ең проблемалы аймақтар – Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы.Қазір елімізде 264 құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартып, рұқсатсыз ғимараттар салып жатыр. 293 проблемалық нысанның 136-сы Астанада.Елорда әкімдігінің хабарлауынша, мемлекеттік қаражат есебінен 140-тан астам тұрғын үй кешені құрылысы аяқталды. Бұл 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Жалпы, бүкіл ел бойынша мыңдаған үлескер әлі күнге дейін алданып келеді.Сонымен қатар өткен жылдың соңында "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" зерттеу жариялады, онда 2023 жылғы тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда үлестік құрылыстағы "сұр" нарықтың үлесі 68% (зерттелген 586 объектінің 397-сі) құрады. Мұның бәрі үлескерлердің қаражатын заңсыз тартатын нысандар.Жекелеген өңілер мен қалаларда жағдай өте қиын — "сұр" нарықтың үлесі 90%-тен асады. Проблемалы қалаларға Қарағанды, Көкшетау, Семей, Павлодар, Петропавл, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Ақтау және Ақтөбе жатады.Азаматтарды алдаудан басқа, сапасыз құрылыс мәселесі де өзекті. Мәселен, 2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер шеңберінде Алматының өзінде 1 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды және оларды жоюға 634 ұйғарым берілді. Сапасыз құрылыс үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы, 25 техникалық қадағалау сарапшысы жауапкершілікке тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854130_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_14751fea20216f26fe4d05ae4292eafa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс
Қазақстанда жүздеген құрылыс нысаны лицензиясыз салынып жатыр
Елімізде 264 құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартып, рұқсатсыз ғимараттар салып жатыр
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстанда жүздеген құрылыс нысаны лицензиясыз және рұқсатсыз салынып жатыр, деп хабарлады Energyprom.kz.
Ең проблемалы аймақтар – Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы.
Қазір елімізде 264 құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын тартып, рұқсатсыз ғимараттар салып жатыр. 293 проблемалық нысанның 136-сы Астанада.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, мемлекеттік қаражат есебінен 140-тан астам тұрғын үй кешені құрылысы аяқталды. Бұл 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Жалпы, бүкіл ел бойынша мыңдаған үлескер әлі күнге дейін алданып келеді.
Сонымен қатар өткен жылдың соңында "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" зерттеу жариялады, онда 2023 жылғы тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда үлестік құрылыстағы "сұр" нарықтың үлесі 68% (зерттелген 586 объектінің 397-сі) құрады. Мұның бәрі үлескерлердің қаражатын заңсыз тартатын нысандар.
Жекелеген өңілер мен қалаларда жағдай өте қиын — "сұр" нарықтың үлесі 90%-тен асады. Проблемалы қалаларға Қарағанды, Көкшетау, Семей, Павлодар, Петропавл, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Ақтау және Ақтөбе жатады.
Азаматтарды алдаудан басқа, сапасыз құрылыс мәселесі де өзекті. Мәселен, 2023 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер шеңберінде Алматының өзінде 1 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды және оларды жоюға 634 ұйғарым берілді. Сапасыз құрылыс үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы, 25 техникалық қадағалау сарапшысы жауапкершілікке тартылды.