Қарағанды облысының жолдарына 2 мың тонна құм мен тұз себілді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2024
Жазылу
140 жол техникасы күшейілген режимде жұмыс істеп жатыр
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Биыл Қарағанды облысының республикалық маңызы бар автожолдарына 2 мың тоннадан аса көктайғаққа қарсы материал себілген, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Қарағанды облысы аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарға көктайғақтың алдын алу үшін ақпан айында 1143 тонна құм мен 1011 тонна тұз себілген. Бұған қоса 50 тонна химиялық реагент пайдаланылған.
"Жалпы ұзындығы 1444 шақырым жолға "Қарағанды-Балқаш", "Солтүстік Шығыс айналма", "Қызылорда-Павлодар", "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолдарының учаскелері кіреді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
140 жол техникасы күшейілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Биыл өңірге қар қалың түсті. Ерте көктемгі су тасу уақытына дайындық жұмыстарын "ҚазАвтоЖол" мамандары жіті назарда ұстайды.
Жаңалықтар
0