Қарағанды облысында төрт бала көз жұмды: оқиғаның мән-жайы

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаПожарные спасли 44 человека из огня в Актюбинске
Пожарные спасли 44 человека из огня в Актюбинске  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2024
Жазылу
Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды
АЛМАТЫ, 24 ақпан - Sputnik. Балалар омбудсмені Динара Закиева Қарағанды облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Балалардың үлкені бес жаста, кішісі 1,5 жаста, үйде жалғыз болған. Аналары мектепте мұғалім, әкесі құрылыста жұмыс істейді, қыста ол өз шаруашылығымен айналысқан. Қайғылы оқиға 23 ақпанда болған. Облыс әкімінің орынбасары, ТЖД, уәкілетті органдар оқиға орнында жүр. Қайғылы оқиғаға көңіл айтамын", - деп жазды бала құқықтары жөніндегі уәкіл желідегі парақшасында.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"23 ақпанда Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенді. Өрттің салдарынан 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған. Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр", - дейді ТЖД.
Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Жаңалықтар
0