https://sputnik.kz/20240224/astanada-khostelderdin-ort-qauipsizdigi-tekserilip-zhatyr-42477922.html
Астанада хостелдердің өрт қауіпсіздігі тексеріліп жатыр
Астанада хостелдердің өрт қауіпсіздігі тексеріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 ақпан - Sputnik. Елордадағы хостелдерде өрт қауіпсіздігіне тексеріс жүргізілді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. 24.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-24T13:57+0500
2024-02-24T13:57+0500
2024-02-24T13:57+0500
жатақхана
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38272718_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_b8c185a1aab7acdaf65ca1ad789e6b75.jpg
АСТАНА, 24 ақпан - Sputnik. Елордадағы хостелдерде өрт қауіпсіздігіне тексеріс жүргізілді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.Тексерісті ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс 18 қаңтардан басталған. Бүгінге дейін 78 нысанның өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігіне тексеріс жүргізілді. Осындай тағы 9 хостелде жұмыстар жалғасуда."Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті хостелдерде жоспардан тыс тексерістер жүргізуде. Тексеріс нәтижелері бойынша 377 өрт қауіпсіздігін сақтамау фактісі анықталды. Оның ішінде нысандардағы шығу жолдарының жабық болуы, терезелерге темір торлар орнатылуы, өрт қауіпсіздігі құралдарының жоқтығы, дабыл жүйелерінің дұрыс жолға қойылмауы сияқты кемшіліктер жиі кездесті. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған нысан иелері әкімшілік жазаға тартылып, оларға ережені бұзу фактілерін жою туралы ұйғарым тапсырылатын болады", - деді Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мадияр Мырзагелдиев.Оның айтуынша, қала бойынша 107 хостел орналасқан, оның 22-сі өз еркімен жұмысын тоқтатқан. Тексеру жұмыстары жалғасуда.Бұдан басқа қала бойынша ойын-сауық орталықтарында "Қауіпсіз сауда" атты оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38272718_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_c70467a6e027160928a89abc532804d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жатақхана
Астанада хостелдердің өрт қауіпсіздігі тексеріліп жатыр
АСТАНА, 24 ақпан - Sputnik. Елордадағы хостелдерде өрт қауіпсіздігіне тексеріс жүргізілді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Тексерісті ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс 18 қаңтардан басталған. Бүгінге дейін 78 нысанның өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігіне тексеріс жүргізілді. Осындай тағы 9 хостелде жұмыстар жалғасуда.
"Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті хостелдерде жоспардан тыс тексерістер жүргізуде. Тексеріс нәтижелері бойынша 377 өрт қауіпсіздігін сақтамау фактісі анықталды. Оның ішінде нысандардағы шығу жолдарының жабық болуы, терезелерге темір торлар орнатылуы, өрт қауіпсіздігі құралдарының жоқтығы, дабыл жүйелерінің дұрыс жолға қойылмауы сияқты кемшіліктер жиі кездесті. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған нысан иелері әкімшілік жазаға тартылып, оларға ережені бұзу фактілерін жою туралы ұйғарым тапсырылатын болады", - деді Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мадияр Мырзагелдиев.
Оның айтуынша, қала бойынша 107 хостел орналасқан, оның 22-сі өз еркімен жұмысын тоқтатқан. Тексеру жұмыстары жалғасуда.
Бұдан басқа қала бойынша ойын-сауық орталықтарында "Қауіпсіз сауда" атты оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр.