"Үшарал-Достық" автожолының бір бөлігі жабылды

© Photo : Пресс-служба министерства транспорта Казахстана Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Жазылу
Жолды күтіп-ұстауға 387 техника және 796 жолшы жұмылдырылды
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында "Үшарал-Достық" автожолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі бөлігі жабылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
"23 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысының "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі 84-184 шақырым учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 387 бірлік техника және 796 жолшы жұмылдырылған.
Жаңалықтар
0