https://sputnik.kz/20240223/ulttyq-bank-bazalyq-molsherlemeni-1475-deyin-tomendetti-42462803.html
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ке дейін төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ке дейін төмендетті
Sputnik Қазақстан
Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ға дейін баяулады 23.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-23T11:41+0500
2024-02-23T11:41+0500
2024-02-23T12:04+0500
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010668_77:0:3718:2048_1920x0_80_0_0_2377f46c308050be6a7dea25a1a8d231.jpg
АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ке дейін 50 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады.Еске салсақ, қаңтарда жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасын тапты. Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді. Бағалардың жалпы өсіміндегі баяу үрдіс – жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, жаһандық инфляциялық қысымның және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, логистикалық тауар жеткізу жолдарының біртіндеп қалпына келуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010668_532:0:3263:2048_1920x0_80_0_0_f9e2d90af1dfde74ccfe3295202bc0f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ке дейін төмендетті
11:41 23.02.2024 (жаңартылды: 12:04 23.02.2024) Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ға дейін баяулады
АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ке дейін 50 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады.
Еске салсақ, қаңтарда жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасын тапты.
"Инфляциялық күтулер үш ай қатарынан баяулап келеді. Ал айлық инфляция орташа жылдық мәндерден жоғары қалыптасуда. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап күйде қалыптасып отыр. Бірқатар сауда-серіктес елдерде инфляция біршама қарқын алып, сыртқы инфляциялық қысым сәл күшейді. Әлемдік азық-түлік бағасында төмендеу үрдісі жалғасып, сыртқы инфляциялық жағдайға оң әсерін тигізіп отыр. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтана қоймаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді. Бағалардың жалпы өсіміндегі баяу үрдіс – жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, жаһандық инфляциялық қысымның және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, логистикалық тауар жеткізу жолдарының біртіндеп қалпына келуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.