https://sputnik.kz/20240223/toqaev-oqushylarga-sabaq-kezinde-telefondy-paydalanuga-shekteu-qoyatyn-zanga-qol-qoydy-42471945.html
Тоқаев оқушыларға сабақ кезінде телефонды пайдалануға шектеу қоятын заңға қол қойды
Тоқаев оқушыларға сабақ кезінде телефонды пайдалануға шектеу қоятын заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері... 23.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-23T17:50+0500
2024-02-23T17:50+0500
2024-02-23T17:50+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40027929_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ad0207ab279453a2eb39a5d798159c9d.jpg
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.Еске сала кетейік, 1 ақпанда заңды сенат депуттары мақұлдаған болатын. Депутат Алтынбек Нұхұлының айтуынша, заңда оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға шектеу қою туралы норма бар. Үзіліс кезінде телефонды ұстауға болады.Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерді қауіпсіздік құлыптарымен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы норма да бар.Жаңа ықшам аудандарда көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде құрылыс жобалау құжаттарында білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің міндетті түрде болуын ескеру туралы нормалар енгізу көзделген.Бұдан бөлек, арнайы білім беру ұйымдарындағы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өз бетінше өмір сүруге дайындалуына жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған тәлімгерлік қызметі енгізіледі.Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Осы ұйымдарда медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық мамандықтар бойынша қашықтан оқытуға тыйым салынады.
https://sputnik.kz
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40027929_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_562a51e4d6f61ea1ce0ae5c4eb488fdf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Еске сала кетейік, 1 ақпанда заңды сенат депуттары мақұлдаған болатын. Депутат Алтынбек Нұхұлының айтуынша, заңда оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға шектеу қою туралы норма бар. Үзіліс кезінде телефонды ұстауға болады.
"Оқу процесінде ұялы телефондарды пайдалануға шек қоюды енгізу, тестілеусіз бірінші сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезекті қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, діни сипаттағы ақпараттың таралуына жол бермеу және суицидке шақыруды болдырмау шараларын қабылдауды көздейтін нормалар ұсынылған", - деді сенатор.
Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерді қауіпсіздік құлыптарымен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы норма да бар.
Жаңа ықшам аудандарда көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде құрылыс жобалау құжаттарында білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің міндетті түрде болуын ескеру туралы нормалар енгізу көзделген.
Бұдан бөлек, арнайы білім беру ұйымдарындағы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өз бетінше өмір сүруге дайындалуына жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған тәлімгерлік қызметі енгізіледі.
Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметін лицензиялау тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Осы ұйымдарда медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық мамандықтар бойынша қашықтан оқытуға тыйым салынады.