Бізге тарифтерді 47%-ке көтеру туралы өтінім түсті – энергетика министрі

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда тарифтер не үшін қымбаттайтынын түсіндірді.
Оның айтуынша, басты себеп – объектілердің тозығы жеткен, сондай-ақ жұмысшылардың жалақысын көтеру қажет.
"3-5 жыл ішінде біз тарифті тозу деңгейіне байланысты көтеріледі деп жоспарлап отырмыз. Тарифтерді 47%-ке дейін көтеру туралы өтінімдер алдық. Әрине, 12-15% деңгейінде ғана белгілей алдық. Яғни энергия нысандары тарифтің бұдан бірнеше есе жоғары көтерілгенін күтті", - деді министр.
Ол тарифтердің біртіндеп график бойынша көтерілетінін айтты. Бұл орайда инфляциялық дәліз назарға алынады.
"Біз энергия нысандарының тозуына байланысты, яғни өсім орташа есеппен 15%-ке, соның ішінде жалақыны жабуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткенге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз", - деп нақтылады министр.
Министрдің айтуынша, бұл мәселе өте өзекті. Өйткені энергетика саласында кәсіби кадрлар азайып кеткен.
Счетчик, показания  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Елімізде коммуналдық тариф қымбаттайды
Жаңалықтар
0