Биыл жұмысынан айырылған 79 мыңнан астам адам мемлекеттен төлем алды

© Sputnik / Абзал КалиевӘмиян
Әмиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Жазылу
Оларға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 5,7 млрд теңге төленді
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Жыл басынан бері жұмысынан айрылған 79 мыңнан астам адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлдеуметтік қорғау министрлігі.
25 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 5,7 млрд теңге.
"Жұмысынан босаған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-іне дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді", - дейді министрлік.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғалған табысты алмастыру коэффициенті 40%-тен 45%-ке дейін ұлғайтылды.
Светлана Жақыпова - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
Атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж адамдарға тағайындалады – министр
Жаңалықтар
0