Астанада панфиловшылар ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада панфиловшылар ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Астанада панфиловшылар ескерткішіне гүл шоқтары қойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Жазылу
23 ақпанда Ресейде және кейбір ТМД елдерінде аталып өтетін Отан қорғаушылар күнінде белгілі қолбасшы Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Елордадағы "Жерұйық" саябағында Ресей елшілігінің қызметкерлері Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты рәсімге Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлері, ТМД елдерінің әскери офицерлері, Ресей ведомстволарының және Қазақстан аумағындағы түрлі құрылымдардың басшылары, ауған жауынгерлері қатысты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевВ Астане сотрудники российского посольства возложили цветы к памятнику Героя Советского Союза Панфилова
В Астане сотрудники российского посольства возложили цветы к памятнику Героя Советского Союза Панфилова - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
В Астане сотрудники российского посольства возложили цветы к памятнику Героя Советского Союза Панфилова
"Бұл іс-шараны жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтеміз. Ол кейіннен 8-ші гвардияға айналған 316-шы дивизияның құрметіне арналған. Мәскеу өңіріндегі екі айлық шайқаста осындай құрметті атаққа ие болды", - деді Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі Эдуард Белашев.
Ауыр шайқас 1941 жылдың қарашасында Крюков ауылында болды.
"Онда 8-ші гвардиялық дивизияның құрамына кірген Бауыржан Момышұлының полкі соғысқан, панфиловшы жауынгерлер Мәскеуді қорғаған", - деп еске салды қорғаныс мәселелері жөніндегі атташе.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бұл мереке 7 мамырда аталып өтеді.
© Sputnik / Санат ИмангалиевВ Астане сотрудники российского посольства возложили цветы к памятнику Героя Советского Союза Панфилова
В Астане сотрудники российского посольства возложили цветы к памятнику Героя Советского Союза Панфилова - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
В Астане сотрудники российского посольства возложили цветы к памятнику Героя Советского Союза Панфилова

Панфиловшы батырлардың ерлігі

Иван Панфилов 1941 жылдың шілдесінен бастап 316-шы атқыштар дивизиясын құруға кірісті, оған Алматы мен Бішкек тұрғындары тартылды. Қазан айында дивизия Мәскеу маңындағы Волоколамск бағытында қорғаныс шайқастарын жүргізді.
1941 жылы қарашада фашистердің Мәскеуге шабуылы кезінде политрук Василий Клочков бастаған жауынгерлер Дубосеково разъезі аймағында қорғаныста болды. Төрт сағаттық шайқас кезінде кеудесін оққа тосқан жауынгерлер жаудың 18 танкісін жойды.
Иван Панфилов 1941 жылы 18 қарашада Мәскеу облысының Гусенево ауылында мина жарықшақтарынан қайтыс болды.
Иван Панфиловтың ескерткішін Астанада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ашты.
Жаңалықтар
0