Алматыда 100-ден астам жер учаскесі иеліктен шығарылады

© Sputnik / Тимур БатыршинСамолет авиакомпании Bek Air в аэропорту
Самолет авиакомпании Bek Air в аэропорту - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Жазылу
Қазіргі кезде Алматы облысында, Шымкент пен Алматы қалаларында әуежайға жақын жерде заңсыз құрылыстарды көптеп салып тастаған
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Алматыдағы әуежайды кеңейту үшін жер телімдері кері қайтарылады. Әуе қауіпсіздігін қамтамасыз ету масқатында тура сондай шаралар Алматы облысы мен Шымкент қаласында атқарылады. Бұл туралы депутаттардың сауалына жауап берген вице-премьер Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде Алматы қаласының әкімідігі әуежайдың ұшу жолағын кеңейту шараларының жоспарын бекітті. Оған сәйкес, жалпы көлемі 17,4 гектарды құрайтын 104 жер телімін иеліктен шығару жоспарланып отыр.
"Мысалы, Алматы аэродромының қоршауын ауыстыру үшін қазіргі тұрған жерінен шамамен 60 метрге ары қарай 49 жер телімі иеліктен шығарылады", - дейді Скляр.
Алматы облысының әкімдігі 7,3 гектар жерді мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруға қаулы қабылдады. Ал Шымкентте санитарлық қорғау аймағына кіріп кеткен 307 жер телімі мемлекет қажеттіліктері үшін кері қайтарылады.
Басқа аймақтарда әкімдіктер иеліктен шығарылатын жер телімдерін анықтауға кірісті.
Алматы түбіндегі ұшақ апаты
2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған.
Апат салдарынан 13 адам, соның ішінде экипаж командирі, бірнеше күннен кейін екінші ұшқыш қаза тапты.
Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.
Склярдың айтуынша, осы апат бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр. Бұған дейін азаматтық авиация комитетінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат болған. https://sputnik.kz/20230213/ushaq-apaty-azamattyq-aviatsiya-komiteti-qylmystyq-is-32027244.html
Жаңалықтар
0