Мемлекеттік техникалық қызмет жеке деректердің сыртқа шығып кетуіне кінәлілерді атады

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2024
Жазылу
Қаскүнемдер деректер базасына 2021 жылдан бастап заңсыз қол жеткізгені анықталды
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Мемлекеттік техникалық қызмет Интернет желісінде пайда болған Қазақстан байланыс операторлары инфрақұрылымының жария етілуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"МТҚ" АҚ 2022 жылы ҰҚК-мен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстан ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымында шетелдік хакерлік топтың қызметін айқындады.
Тексеру қаскүнемдер деректер базасына 2021 жылдан бастап заңсыз қол жеткізгенін көрсетті.
"Байланыс операторлары тарапынан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының өрескел бұзылуы жүйеге енуге себеп болды", - делінген хабарламада.
Шара қолдану арқылы қатерлер және тәуекелдер бейтараптандырылды.
Хакерлік топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері бірнеше елдің бастамасы бойынша халықаралық іздеуге жарияланды.
БЖЗҚ және "Air Astana" компаниясының инфрақұрылымына қол жеткізу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органы тексеру жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0