https://sputnik.kz/20240222/bolashaqtyn-oyyndary-prezident-kelesi-zharysty-qazaqstanda-otkizudi-usyndy-42429144.html
Болашақтың ойындары: президент келесі жарысты Қазақстанда өткізуді ұсынды
Болашақтың ойындары: президент келесі жарысты Қазақстанда өткізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда балалар спортына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетілетінін атап өтті 22.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-22T07:28+0500
2024-02-22T07:28+0500
2024-02-22T09:44+0500
қасым-жомарт тоқаев
ресей
https://sputnik.kz/img/07e8/02/16/42425236_0:162:3065:1886_1920x0_80_0_0_e59e52bdf7b266810b0dc2be3b45c546.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Татарстан астанасына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа елдердің президенттері "Болашақтың ойындары" халықаралық мультиспорт турнирінің негізгі шаралары өтетін "Қазан Экспо" кешенін аралап көрді.Экскурсия барысында қонақтарға Dota 2 конгресс-залы, арт-нысандар, "фиджитал-зертхана" көрсетілді, сондай-ақ дене шынықтыру мен киберспортты (physical+digital) біріктіретін инновациялық "фиджитал-қозғалыстың" ерекшеліктері таныстырылды.Алаңдардың бірінде Қазақстан Президенті "Футбол достыққа жол ашады" бағдарламасына қатысатын жас спортшылармен әңгімелесті.Халықаралық команданың құрамында "Астана" футбол клубында жаттығатын 10 жасар Жан Әли Ермағамбетов те бар.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда балалар спортына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.Мұның алдында Қазақстан Президенті турнир қатысушыларына сәттілік тілеген еді."Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сонымен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/16/42425236_168:0:2897:2047_1920x0_80_0_0_054f2f6e7943499c0546bbeceea3ee39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ресей
қасым-жомарт тоқаев, ресей
Болашақтың ойындары: президент келесі жарысты Қазақстанда өткізуді ұсынды
07:28 22.02.2024 (жаңартылды: 09:44 22.02.2024) Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда балалар спортына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетілетінін атап өтті
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Татарстан астанасына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа елдердің президенттері "Болашақтың ойындары" халықаралық мультиспорт турнирінің негізгі шаралары өтетін "Қазан Экспо" кешенін аралап көрді.
Экскурсия барысында қонақтарға Dota 2 конгресс-залы, арт-нысандар, "фиджитал-зертхана" көрсетілді, сондай-ақ дене шынықтыру мен киберспортты (physical+digital) біріктіретін инновациялық "фиджитал-қозғалыстың" ерекшеліктері таныстырылды.
Алаңдардың бірінде Қазақстан Президенті "Футбол достыққа жол ашады" бағдарламасына қатысатын жас спортшылармен әңгімелесті.
Халықаралық команданың құрамында "Астана" футбол клубында жаттығатын 10 жасар Жан Әли Ермағамбетов те бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда балалар спортына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Мұның алдында Қазақстан Президенті турнир қатысушыларына сәттілік тілеген еді.
"Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері киберспортшыларға ізгі тілектерін жолдады. Содан соң жарысқа қатысушы мемлекеттер туларының шеруі өтті.