Алматыдағы балабақша сингапурлық тәжірибені енгізді

© Photo : Esi GrünhagenАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Алматыдағы балабақшалардың бірі сингапурлық әріптестерінің тәжірибесін зерттеп, білім беру үдерісіне енгізіп отыр, деп хабарлады 24.kz.
Осылайша мамандар зерттеу арқылы бүлдіршіндердің танымдық, шығармашылық дағдыларын дамытпақшы. Қазір бақшада арнайы зертхана, тұзды шахта мен кітапхана бар.
Азық-түлік дүкені, дәрігер кабинеті мен полиция учаскесі. "Арман қала" декорациясын балалар тәрбиешілермен бірігіп жасапты. Көбіне картон мен қағаз қолданған. Мамандардың пікірінше мектепке дейінгі тәрбие - болашақтың іргетасы саналады.
"Біз Сингапурда 10 күндей болдық. Сол жерде бүкіл мемлекеттік, жеке балабақшаларға барып, таныстық. Қалай баламен жұмыс істейтінін көрдік", - дейді балабақша меңгерушісі Қымбат Қарабалаева.
Даму орталығында 9 кабинет бар. Инклюзия, монтессори, көркем өнер кабинеті және зертхана жұмыс істейді. Бүгінде балабақшаға 145 бүлдіршін келеді. Ұстаздармен қатар психолог және логопедтер қызмет атқарады.
Гүлім Сатқынбаева дефектолог болып еңбек етеді. Ол мұғалімнің басты ерекшелігі әр баланың көңілін таба білуінде деп санайды.
"Мен биыл бағдарлама жасап шығардым. Ерекше балалардың тілін дамытуда ертегі терапиясын қолданамыз. Яғни танымын, зейінін дамыту керек. Смартфонға үңілген бүлдіршіндер тілінің кеш шығып жатқанын мамандар жиі айтады. Олардың сөйлеу қабілетін дамыту үшін орталықта театр ашылған. Шағын қойылымдарға балалар жиі қатысады. Бала зейіні мектепке дейін-ақ қалыптасады. Сондықтан олардың шығармашылық әлеуетін ашу үшін бұл кезеңді тиімді пайдаланған жөн", - дейді дефектолог Гүлім Сатқынбаева.
Жаңалықтар
0