Бес млрд теңге жұмсалған: жемқорлардың ақшасына салынған мектептің жағдайы қандай
11:12 22.02.2024 (жаңартылды: 17:51 22.02.2024)
© Айдана ДайыроваҚаскелең қаласындағы жемқорлардың ақшасына салынған мектеп-гимназия
© Айдана Дайырова
Жазылу
Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға мектептер салынып жатыр. Олардың басқа білім ошақтарынан айырмашылығы неде?
АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында жемқорлардың ақшасына салынған мектепте 1300-ден астам бала білім алып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаскелеңдегі мектеп-гимназияның құрылысы 2020 жылы басталған. Оны салып бітіруге жемқорлардан тәркіленген 1,5 млрд теңге бөлінген. Жалпы бұл мектептің құрылысына 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалыпты.
"Жаңа мектеп былтыр қыркүйектен бастап жұмыс істеп келеді. 1360 оқушы білім алып жатыр. Мектепте ерекше балалар да білім алады. Ондай оқушылар саны төртеу. Білім ғимаратында екі спорт залы бар, бірі бастауыш, екіншісі жоғары сынып оқушыларына арналған", - дейді мектеп-гимназия директоры Қорлан Тұрсынова.
© Айдана ДайыроваҚаскелең қаласындағы жемқорлардың ақшасына салынған мектеп-гимназия
Қаскелең қаласындағы жемқорлардың ақшасына салынған мектеп-гимназия
© Айдана Дайырова
Мектептің жалпы аумағы 1200 шаршы метр. Үш қабатты ғимарат үш блокқа бөлінген. Әр блокта жас ерекшеліктеріне қарай оқушылар бөлініп оқиды.
"Мен білім саласында еңбек еткелі 25 жыл болды, 14 жыл мектеп директоры болып қызмет еттім. Осындай мектепті көріп, кезінде сондай қызыққаным бар. Әрине талай ұстаз, талай оқушы мұндай мектепті армандайды. Балалар сондай қуанышпен келеді, барлық цифрлық коммуникациялармен жабдықталған. Заман талаптарына сай құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген", - дейді директор.
© Айдана ДайыроваҚаскелең қаласындағы жемқорлардың ақшасына салынған мектеп-гимназия
Қаскелең қаласындағы жемқорлардың ақшасына салынған мектеп-гимназия
© Айдана Дайырова
Мектепте төрт кабинет толық компьютерлендірілген. Оның екеуі бастауыш сыныпқа арналған. Қарапайым мектептер бірнеше жылдап қол жеткізе алмайтын смарт экрандар осы мектепке ашыла салғанда қойылған. 76 кабинет смарт экранмен жабдықталған.
© Айдана ДайыроваҚаскелең қаласындағы жемқорлардың ақшасына салынған мектеп-гимназия
Қаскелең қаласындағы жемқорлардың ақшасына салынған мектеп-гимназия
© Айдана Дайырова
Мектеп-гимназия гуманитарлық бағытта тереңдетіп оқытады. Жердің шалғайлығына қарамай, алыстан ат терлетіп келіп, баласын жаңа мектепте оқытқысы келетіндердің қатары көп.
© Айдана ДайыроваҚаскелең қаласындағы жемқорлардың ақшасына салынған мектеп-гимназия
Қаскелең қаласындағы жемқорлардың ақшасына салынған мектеп-гимназия
© Айдана Дайырова
Жемқорлардан тәркіленген ақша қайда жұмсалады
Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында жемқорлардан алынған ақшаға мектеп салынатынын айтты.
"Жемқорлар мемлекеттен заңсыз алған барлық қаражатты тәркілеп, мектеп салуға жұмсау керек", – деп тапсырды мемлекет басшысы.
Қазақстанның оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, өткен жылы білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арнайы шотына шамамен 150 млрд теңге түскен. Ақшаның бір бөлігі, яғни 96 млрд теңге 62 мектептің құрылысын қаржыландыруға жұмсалды. Оның ішінде 43 мектеп қазір пайдалануға берілді.
© Айдана ДайыроваАлматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы
© Айдана Дайырова
Мектептердің көпшілігі Астана, Алматы және Түркістан облыстарында тұрғызылған. Осылайша Қазақстанда үш апатты және 13 үш ауысымды мектептің мәселесі оңынан шешіліп, 54,4 мың оқушыға жаңа орын пайда болды.
Ал биыл білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына тағы 37 млн теңге аударылды. Оған 20 жоба қаржыландырылады. Оның екеуі Алматы облысында жүзеге асады, бірі - жаңа мектеп, ал екіншісі - қолданыстағы мектеп жанынандағы қосымша құрылыс.
© Айдана ДайыроваАлматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы
© Айдана Дайырова