23 ақпанда барлық өңірде ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығулар өтеді

Сирена
Сирена - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2024
Жазылу
ТЖМ сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес берді
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі 23 ақпанда еліміздің барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетінін хабарлады.
Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
"Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес берді.

23 қаңтарда Алматыда қуатты жер сілкінісі болды

23 қаңтарға қараған түні Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Қытай мен Қырғызстан шекарасында орналасты, бірақ мегаполис пен Қазақстанның басқа қалаларында да дүрбелең тудырды.
Үйдегі шамдар тербеліп, шкафтардан ыдыс-аяқ құлады, қабырғаның сылағы опырылып түсті, тұрғындар үйінен далаға жүгіріп шықты. Кейіннен куәгерлер фото-видеолар жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жағдайдан соң кеңес өткізіп, жер сілкінісі кезінде Алматыдағы құзырлы органдардың толық дайын болмағанын атап өтті.
Уәкілетті органдар халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Оқу орындарында, мемлекеттік органдарда тұрақты түрде оқу-жаттығу өткізуі қажет. Бұл жұмысты дереу бастау керек, деп талап етті президент.
Жаңалықтар
0