Қазақстанның 100-ге жуық азаматы шетелде еңбек құлдығында жүр – СІМ

© AP Photo / Marcelo RuizСилуэт женщины, архивное фото
Силуэт женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Жазылу
Соңғы екі жылда Таиланд, Мьянма мен Лаостың шекаралас аумақтарында Қазақстанның 200-ге жуық азаматы құлдыққа түсіп қалған
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанның жүзге жуық азаматы Таиландпен шекаралас аумақтарда еңбек құлдығында қалып қойған. Бұл сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда Таиланд, Мьянма мен Лаостың шекаралас аумақтарында Қазақстанның 200-ге жуық азаматы құлдыққа түсіп қалған.
"Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лаос аумағында еңбек құлдығынан 28 қазақстандық шығарылды. Алпысқа жуық отандасымыз елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралған. Қазір жоғарыда аталған елдердің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында қалып қалған деген ақпарат бар", - дейді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте.
тұтқындағы ер адам, архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
"Қару асынған адамдар күтіп алды": Мьянмада құлдықта болған қазақстандықтың оқиғасы
Жаңалықтар
0