Қарағандыда 13 жыл бұрын туған бала туралы деректер жалған болып шықты

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуВрач роддома идет по коридору отделения патологии беременности, архивное фото
Врач роддома идет по коридору отделения патологии беременности, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Жазылу
Құжаттар бойынша оны 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалдырып кеткен
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласында 13 жастағы баланы саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Мектеп оқушысы "Отбасының цифрлық картасында" мектепке бармайтын бала ретінде тіркелген. Осыдан кейін прокурорлар тексеріс жасады. Құжаттар бойынша оны 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалдырып кеткен. Сол жерден Осакаров ауданындағы "Пионерский" балалар үйіне тапсырылды.
"Прокуратура бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін, баланың іс жүзінде жоғалып кеткенін және оның қайда екені белгісіз екенін анықтады. Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы - кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, осы қылмыс үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0