Полиция трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады

© AP Photo / Martin MejiaАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Жазылу
Тінту кезінде 12 кг астам мефедрон және 17 кг астам прекурсор тәркіленді
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Полиция трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасын жойды, деп хабарлады Polisia.kz.
Шетелдік үш азаматқа қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық жасағаны және қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде орналасқан жеке үйде құрықталды. Онда күдіктілер психотроптық заттарды дайындап, сақтаған.
"Есірткі зертханасында салқындату, желдету жүйелері, сондай-ақ синтетика өндіру үшін арнайы жабдықтар болған. Есірткі жасырын түрде дайындалған. Күдіктілер көршілердің күдігін тудырмас үшін үйден қажет болғанда ғана шығып, үйдің периметрі бойынша ұйымдастырушының Wi-Fi желісіне шығатын бейнебақылау камераларын орнатқан", – деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев.
Сонымен қатар есірткі әзірлеуге арналған шикізаттар мен дайын өнімді сақтайтын гараж және автокөлік сатып алынған. Бұл мүліктердің барлығы көлеңкелі схемамен төленіп, шетелдік сатып алушының атына тіркелмеген.
Жалпы тінту кезінде 12 кг астам мефедрон және 17 кг астам прекурсор тәркіленді.
Жаңалықтар
0