Өскемендік ғалымдар 150 ауруды анықтайтын медициналық аппарат ойлап тапты

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі  фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Өскемендік ғалымдар жылдам әрі нақты талдама жасайтын аппарат ойлап тапты, деп хабарлады 24.kz.
Қарапайым халық енді медициналық анализ нәтижесіне анағұрлым жедел қол жеткізуі мүмкін. Мәселен осы құрал көмегімен қан құрамынан бар болғаны 14 минут ішінде 150 ауру түрін анықтауға болады.
Химик мамандар мүмкіндігі кең диагностикалық техниканы мемлекеттік емханаларға тегін орнатып бермекші. Жалпы құрылғы шет елдік нұсқаларға қарағанда өте арзан әрі диагнозды дәл қояды. Мұны дәрігерлер де жоғары бағалап отыр.
"Мәселен шеттен әкелген аппарат сынып қалса, оны жөндеу үшін біз арнайы шебер шақыртамыз. Оны бірнеше күн күтуге тура келеді. Ал өзіміздің жергілікті ғалымдардың бұл туындысы өте тиімді. Бұзыла қалса, басқа да мәселе туындаса мамандар тура қасымызда. Бұл құрал барлық емхана, ауруханаға қойылса науқастарға да ыңғайлы болар еді", - дейді медициналық орталықтың бас дәрігері Рая Рахимова.
Жаңалықтар
0