Елімізде 3 миллионнан астам баланы қосымша біліммен қамту жоспарланып отыр

© Sputnik / Владислав ВодневШкола, архивное фото
Школа, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Жазылу
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарында 6 Оқушылар сарайы ашылады
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Биыл шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларымен елімізде 3 миллионнан астам оқушы қамтылады деп жоспарланған, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бүгінде оқушылардың 81,1%-і қосымша біліммен қамтылған. Біз қосымша білім алу кезінде барлық балаға тең мүмкіндік беруге тырысамыз. Биыл қамтуды 86,3%-ке дейін арттыру жоспарланып отыр", - деп атап өтті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетейік, балаларды қосымша біліммен неғұрлым көбірек қамту үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарында 6 Оқушылар сарайын ашу жоспарда бар.
Жаңалықтар
0