https://sputnik.kz/20240221/avdeevkada-ukrainanyn-zhuzdegen-sarbazy-tutqynga-tusken-boluy-mumkin--new-york-times-42409669.html
Авдеевкада Украинаның жүздеген сарбазы тұтқынға түскен болуы мүмкін – New York Times
Авдеевкада Украинаның жүздеген сарбазы тұтқынға түскен болуы мүмкін – New York Times
Sputnik Қазақстан
Газет бұл украин әскеріне моральдық тұрғыда соққы беруі мүмкін алапат шығын екенін атап өтті 21.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-21T07:57+0500
2024-02-21T07:57+0500
2024-02-21T07:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859847_0:9:3072:1737_1920x0_80_0_0_9cb55a01b32b3fd2ab1d250d79448846.jpg
АЛМАТЫ, 21 ақпан – Sputnik. Украина қарулы күштерінің Авдеевкадан шегінуі кезінде 850-ден 1000-ға дейін украиналық сарбаз із-түзсіз жоғалып кетті немесе Ресейдің тұтқынына түсті, деп хабарлады The New York Times украиналық сарбаздар мен батыс шенеуніктеріне сілтеме жасап.Газет бұл украин әскеріне моральдық тұрғыда соққы беруі мүмкін алапат шығын екенін атап өтті.Газет дереккөздерінің мәліметінше, Украинаның Авдеевкадан шегінуі нашар жоспарланған және тым кеш басталған."Артиллерия, ұшқышсыз ұшақтар мен әуе соққыларынан әлсіреген шақта шегіну – командирлерден шығынды барынша азайтуды және жоспарланғаннан артық жерді бермей шегінуді талап ететін ең қиын әскери маневрлердің бірі", - деп жазды NYT.Донецктен 15 шақырымдай жерде орналасқан Авдеевка қаласы үшін шайқас 2023 жылдың қазан айында басталған. 17 ақпанға қараған түні президент Владимир Зеленский қаладан әскер шығарылып, қорғанысқа тиімді шепке ауысу басталғанын хабарлады.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859847_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_077eacb2c872f16dc9b2c82a4aa6be66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Авдеевкада Украинаның жүздеген сарбазы тұтқынға түскен болуы мүмкін – New York Times
Газет бұл украин әскеріне моральдық тұрғыда соққы беруі мүмкін алапат шығын екенін атап өтті
АЛМАТЫ, 21 ақпан – Sputnik. Украина қарулы күштерінің Авдеевкадан шегінуі кезінде 850-ден 1000-ға дейін украиналық сарбаз із-түзсіз жоғалып кетті немесе Ресейдің тұтқынына түсті, деп хабарлады
The New York Times украиналық сарбаздар мен батыс шенеуніктеріне сілтеме жасап.
Газет бұл украин әскеріне моральдық тұрғыда соққы беруі мүмкін алапат шығын екенін атап өтті.
Газет дереккөздерінің мәліметінше, Украинаның Авдеевкадан шегінуі нашар жоспарланған және тым кеш басталған.
"Артиллерия, ұшқышсыз ұшақтар мен әуе соққыларынан әлсіреген шақта шегіну – командирлерден шығынды барынша азайтуды және жоспарланғаннан артық жерді бермей шегінуді талап ететін ең қиын әскери маневрлердің бірі", - деп жазды NYT.
Донецктен 15 шақырымдай жерде орналасқан Авдеевка қаласы үшін шайқас 2023 жылдың қазан айында басталған. 17 ақпанға қараған түні президент Владимир Зеленский қаладан әскер шығарылып, қорғанысқа тиімді шепке ауысу басталғанын хабарлады.