https://sputnik.kz/20240221/almatyda-mektep-esepshisi-160-million-tengeni-tuystaryna-audargan-42412448.html
Алматыда мектеп есепшісі 160 миллион теңгені туыстарына аударған
Алматыда мектеп есепшісі 160 миллион теңгені туыстарына аударған
Sputnik Қазақстан
Алматы мектептерінде ақпараттық қауіпсіздік, балаларды тасымалдау және қауіпсіздік ережелері саласында барлығы бес мыңнан астам заң бұзушылық анықталды 21.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-21T11:11+0500
2024-02-21T11:11+0500
2024-02-21T11:12+0500
мектеп
ұрлық
https://sputnik.kz/img/134/39/1343954_0:0:4905:2760_1920x0_80_0_0_f127620dbf0131e5ff2211eee650b18b.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Алматының Бостандық ауданындағы мектептердің бірінде бас бухгалтер 160 млн теңгені жымқырған, деп хабарлады қала прокуратурасы.Ол мектепте жұмыс істемейтін адамдарға және өзінің жақын туыстарына ақша аударған.Прокуратура осыған ұқсас ұрлық фактілерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарында анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.Жалпы Алматы мектептерінде ақпараттық қауіпсіздік саласында жарты мыңнан астам заң бұзушылық, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелердің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг фактілері анықталды.Тексерулер нәтижесінде 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, шамамен 60 млн теңге өтелді, 67 қадағалау актісі енгізілді және 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұдан басқа, оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу мақсатында оқушылар немесе олардың ата-аналарына онлайн режимде қалалық прокуратураға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін "QR-код" әзірленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/134/39/1343954_557:0:4905:3261_1920x0_80_0_0_5cac3ad0b4033a28401a32f1ccb41d4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, ұрлық
Алматыда мектеп есепшісі 160 миллион теңгені туыстарына аударған
11:11 21.02.2024 (жаңартылды: 11:12 21.02.2024) Алматы мектептерінде ақпараттық қауіпсіздік, балаларды тасымалдау және қауіпсіздік ережелері саласында барлығы бес мыңнан астам заң бұзушылық анықталды
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Алматының Бостандық ауданындағы мектептердің бірінде бас бухгалтер 160 млн теңгені жымқырған, деп хабарлады қала прокуратурасы.
Ол мектепте жұмыс істемейтін адамдарға және өзінің жақын туыстарына ақша аударған.
Прокуратура осыған ұқсас ұрлық фактілерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарында анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Жалпы Алматы мектептерінде ақпараттық қауіпсіздік саласында жарты мыңнан астам заң бұзушылық, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелердің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг фактілері анықталды.
Тексерулер нәтижесінде 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, шамамен 60 млн теңге өтелді, 67 қадағалау актісі енгізілді және 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу мақсатында оқушылар немесе олардың ата-аналарына онлайн режимде қалалық прокуратураға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін "QR-код" әзірленді.