Алматыда іздеуде жүрген 84 қылмыскер ұсталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Жазылу
Хабар-ошарсыз кеткен 17 азамат анықталды
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Алматы қаласында бір айдың ішінде іздеуде жүрген 84 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Биыл 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында "Іздестіру" жедел алдын-алу шарасы ұйымдастырылды. Сол кезде іздеуде болған 84 қылмыскер анықталды, олардың ішінде 27-сі көптен бері қолға түспей жүрген.
"Мысалы, 8 ақпанда Алматы облысы Бақанас ауылында бір қылмыскер ұсталды. Ол Бостандық ауданында Қытай мен Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасаған. Сондай-ақ өлімге әкеліп соққан адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 2010 жылдан бері іздеу жүрген адам ұсталды", - дейді прокурорлар.
Бұдан бөлек, мегаполисте басқа өңірлерде іздестіріліп жатқан 22 қылмыскер ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 17 азамат анықталды.
Оцепление - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Оқиға
Алматыда әйелдің кесілген басы табылды - қылмыскер іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар
0