https://sputnik.kz/20240221/255-myn-tenge-kolemindegi-mobildi-audarymdar-tekseriske-negiz-boluy-mumkin-42409795.html
255 мың теңге көлеміндегі мобильді аударымдар тексеріске негіз болуы мүмкін
255 мың теңге көлеміндегі мобильді аударымдар тексеріске негіз болуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
2023 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында QR арқылы 6,3 трлн теңгеге 1,2 млрд операция жасалды 21.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-21T08:28+0500
2024-02-21T08:28+0500
2024-02-21T08:28+0500
тексеріс
салық
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653876_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7206c563bbd19c2abb984f25bf72256c.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда мобильді аударымдарға салық салу шарттары қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап берген премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.Салықшылар үш айдың ішінде 100 және одан көп адамнан жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан (255 мың теңгеден) асатын ақшаны мобильді аударым арқылы алған адамды тексере бастайды.Осы орайда министр кәсіпкерлік кодекстің негізгі шартын еске салды. Оған сәйкес, бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, яғни, шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы бөлшек саудада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 процентке жетті. Халық QR-ды жиі пайдаланып жүр. Былтыр сәуір-қазан айларында QR төлемдердің көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл - барлық операцияның 17 проценті.Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің саны төрт есеге өсіп, 2023 жылы 11 айдың ішінде 127,4 трлн теңге болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653876_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_d8a00a1bdb2101e1d9916bf075252014.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тексеріс, салық
255 мың теңге көлеміндегі мобильді аударымдар тексеріске негіз болуы мүмкін
2023 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында QR арқылы 6,3 трлн теңгеге 1,2 млрд операция жасалды
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда мобильді аударымдарға салық салу шарттары қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап берген премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.
Салықшылар үш айдың ішінде 100 және одан көп адамнан жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан (255 мың теңгеден) асатын ақшаны мобильді аударым арқылы алған адамды тексере бастайды.
Осы орайда министр кәсіпкерлік кодекстің негізгі шартын еске салды. Оған сәйкес, бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, яғни, шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.
Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы бөлшек саудада қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 процентке жетті. Халық QR-ды жиі пайдаланып жүр. Былтыр сәуір-қазан айларында QR төлемдердің көлемі 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл - барлық операцияның 17 проценті.
Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің саны төрт есеге өсіп, 2023 жылы 11 айдың ішінде 127,4 трлн теңге болды.