https://sputnik.kz/20240220/qazaqstanda-aymaqtyq-zhastar-kadr-rezervine-irikteu-bastalady-42402517.html
Қазақстанда аймақтық жастар кадр резервіне іріктеу басталады
Қазақстанда аймақтық жастар кадр резервіне іріктеу басталады
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуынша, билік өкілдері әрдайым халықпен бірге, яғни қарапайым азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет 20.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-20T16:19+0500
2024-02-20T16:19+0500
2024-02-20T16:19+0500
қасым-жомарт тоқаев
жастар
https://sputnik.kz/img/84/32/843229_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_49e51128008dab563a08fe334f19e0b3.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Жуырда аймақтық жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысының айтуынша, әкімдер іріктеудің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар кадрлық резервті жасақтау барысында әр облыстың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін ескеру маңызды. Ал ең бастысы барлық салада, әсіресе мемлекеттік органдарда заң мен тәртіп үстемдігі болуы қажет.Президенттің айтуынша, билік өкілдері әрдайым халықпен бірге, яғни қарапайым азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Кез келген мәселені уақытылы шешіп отыру – негізгі міндет. "Халық үніне құлақ асатын мемлекетте" дәл осындай құндылықтар орнығуы қажет. .
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/84/32/843229_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_29a3312449534216dbc9d04d89ac6244.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жастар
қасым-жомарт тоқаев, жастар
Қазақстанда аймақтық жастар кадр резервіне іріктеу басталады
Президенттің айтуынша, билік өкілдері әрдайым халықпен бірге, яғни қарапайым азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Жуырда аймақтық жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының айтуынша, әкімдер іріктеудің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар кадрлық резервті жасақтау барысында әр облыстың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін ескеру маңызды. Ал ең бастысы барлық салада, әсіресе мемлекеттік органдарда заң мен тәртіп үстемдігі болуы қажет.
"Заң мен тәртіп орнамаса, қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда елімізді сақтап қалу қиын болады. Мұны бәрі түсінгені жөн. Тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, жалпы қоғам заңға бағынуға тиіс. Бұл демократия шектеледі деген сөз емес, керісінше, еліміздің егемендігін нығайтып, демократияны дамыта түседі", – деді Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумында.
Президенттің айтуынша, билік өкілдері әрдайым халықпен бірге, яғни қарапайым азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Кез келген мәселені уақытылы шешіп отыру – негізгі міндет. "Халық үніне құлақ асатын мемлекетте" дәл осындай құндылықтар орнығуы қажет. .