https://sputnik.kz/20240220/oz-tazhiribemnen-bilemin-toqaev-bilikte-ayelder-men-erkekterdin-ayyrmashylygyn-aytty-42400708.html
"Өз тәжірибемнен білемін": Тоқаев билікте әйелдер мен еркектердің айырмашылығын айтты
"Өз тәжірибемнен білемін": Тоқаев билікте әйелдер мен еркектердің айырмашылығын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікте ер адамдарға қарағанда әйелдердің жұмысқа тиянақты әрі мұқият екенін мәлімдеді, деп... 20.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-20T15:19+0500
2024-02-20T15:19+0500
2024-02-20T15:19+0500
қасым-жомарт тоқаев
мемлекеттік қызметші
https://sputnik.kz/img/07e8/02/14/42399908_0:129:2896:1757_1920x0_80_0_0_a086bfb00a3bc4b30a6cf5d4a6f38db1.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікте ер адамдарға қарағанда әйелдердің жұмысқа тиянақты әрі мұқият екенін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.Қазіргі кезде мемлекеттік аппараттағы әйелдердің үлесі 55 пайызға жетті. Алайда басшылық құрамда бұл көрсеткіш 39 пайыздан аспайды."Өз тәжірибемнен білетінім, әйелдерді қызметке тарту керек. Біріншіден, ер адамдар ренжімесін, әйелдер жұмысқа өте мұқият, тиянақты қарайды. Ер адамдармен салыстырғанда, жемқорлық әрекеттерге бейім емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің статистикасы соған меңзейді", - дейді Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумында.Осы орайда президент саяси қызметкерлер арасында да елеулі теңсіздік байқалатынын жеткізді. Олардың қатарындағы әйелдердің саны 10 пайызға жетпейді. Жастардың үлесіне қатысты да диспропорция бар.Мемлекет басшысы ғалымдарды, сарапшылар мен белсенді азаматтарды, әсіресе, еріктілерді қызметке тартудың мәні зор деп санайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/14/42399908_191:0:2704:1885_1920x0_80_0_0_ff824ac37f683b08b4405534ea8f4e19.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік қызметші
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік қызметші
"Өз тәжірибемнен білемін": Тоқаев билікте әйелдер мен еркектердің айырмашылығын айтты
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікте ер адамдарға қарағанда әйелдердің жұмысқа тиянақты әрі мұқият екенін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Қазіргі кезде мемлекеттік аппараттағы әйелдердің үлесі 55 пайызға жетті. Алайда басшылық құрамда бұл көрсеткіш 39 пайыздан аспайды.
"Өз тәжірибемнен білетінім, әйелдерді қызметке тарту керек. Біріншіден, ер адамдар ренжімесін, әйелдер жұмысқа өте мұқият, тиянақты қарайды. Ер адамдармен салыстырғанда, жемқорлық әрекеттерге бейім емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің статистикасы соған меңзейді", - дейді Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумында.
Осы орайда президент саяси қызметкерлер арасында да елеулі теңсіздік байқалатынын жеткізді. Олардың қатарындағы әйелдердің саны 10 пайызға жетпейді. Жастардың үлесіне қатысты да диспропорция бар.
"Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санын көбейту керек. Олардың, әсіресе, басшылық құрамда қызмет етуіне барынша мүмкіндік берген жөн", – деп атап көрсетті Тоқаев.
Мемлекет басшысы ғалымдарды, сарапшылар мен белсенді азаматтарды, әсіресе, еріктілерді қызметке тартудың мәні зор деп санайды.