Неонацизм Майданнан кейін бірден Украинаның саяси жүйесінің бір бөлігіне айналды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуВывоз сдавшихся в плен украинских военных и боевиков с "Азовстали"
Вывоз сдавшихся в плен украинских военных и боевиков с Азовстали - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2024
Жазылу
Ол кезде тіпті Батыс БАҚ-тары да өз репортаждарында бұған мән беретін
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. 2014 жылғы Еуромайданнан кейін неонацизм Украинаның саяси жүйесінің бір бөлігіне айналды.
Ол кезде тіпті Батыс БАҚ-тары да өз репортаждарында бұған мән беретін.
Бірақ АӘО басталғаннан кейін түпкілікті трансформация болды: БАҚ және Батыс саясаткерлері үшін олар қаһармандар мен қорғаушыларға айналды.
Билікке келу үшін батысшыл күштер 2014 жылы Украина азаматтарын өлтіре бастаған.
Осыдан тура 10 жыл бұрын олар жалдаған снайперлер Майдандағы шерушілер мен қауіпсіздік күштерін нысанаға алған.
Арандату оппозиция мен Янукович арасында үш еуропалық мемлекет – Франция, Германия және Польшаның кепілдігімен жүргізілген келіссөздерді бұзды.
Кейінірек Киевтің зәулім ғимараттарынан Грузия мен Балтық жағалауы елдерінен келген жалдамалылар оқ атқаны, ал қаруды оларға Майданның "коменданты" Парубий бергені белгілі болды.
Жаңалықтар
0