Боран, аяз: ауа райының нашарлауына байланысты 20 автожол жабылды
09:02 20.02.2024 (жаңартылды: 09:04 20.02.2024)
© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. 20 ақпан сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Абай облысы
Жалпы ұзындығы 2174 км 7 автожол жабылды (-40 градусқа дейін аяз).
Облыс бойынша барлық бағыт бойынша (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (боран, жел, көрінудің шектелуі);
"Омбы-Майқапшағай" 915-1002 км, Қалбатау ауылы - Көкпекті ауылы (барлық көлік үшін).
Шығыс Қазақстан облысы
Жалпы ұзындығы 1268 км 7 автожол жабылды (-45 градусқа дейін аяз).
Облыс бойынша барлық бағыт (қоғамдық көліктер және дизельдік көліктер).
Жамбыл облысы
Жалпы ұзындығы 79 км 1 автожолжабылды (температураның төмендеуі).
"Алматы - Ташкент-Термез" Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).
Жетісу облысы
Жалпы ұзындығы 58 км 1 автожол (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты, қар, боран, жел)
"Алматы-Өскемен" 557-615 км., Үшарал қаласы – Абай қаласы аймақ (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер).
Қарағанды облысы
Жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол жабылды (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты).
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" Қарқаралы обл. шек. -Абай обл. шек. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).
Қостанай облысы
Жалпы ұзындығы 83 км 1 автожолжабылды (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты).
"Жезқазған-Петропавл" – Ұлытау облысы-Арқалық қ. (барлық көлік түрі).
Павлодар облысы
Жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол жабылды (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты).
"Омск-Майқапшағай- Кежекөл к.-Абай обл. шек." (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).
Ұлытау облысы
Жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол жабылды (боран, жел, температураның төмендеуі).
"Жезқазған-Петропавл" - Қостанай облысы-Ұлытау ауылы (барлық көлік түрі), Жезді-б.-Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 419 бірлік техника және 785 адам жұмылдыры