https://sputnik.kz/20240220/bir-sagat-artqa-zhylzhidy-mektepterde-sabaqtyn-bastalu-uaqyty-ozgerui-mumkin-42402635.html
Бір сағат артқа жылжиды: мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
Бір сағат артқа жылжиды: мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктерге сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береді 20.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-20T16:34+0500
2024-02-20T16:34+0500
2024-02-20T16:34+0500
уақыт
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31947960_0:104:3272:1945_1920x0_80_0_0_66bf82cf66fcb275b04e8e610d8537bf.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. 1 наурызда бүкіл республика бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу туралы шешімді сарапшылар мен ғалымдар қабылдағанын атап өтіп, мұны дұрыс шешім деп атады.Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 15 өңірі 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытады. Осылайша еліміз бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді.Уақыт мына өңірлерде өзгереді: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары.
https://sputnik.kz/20240210/qazaqstanda-uaqyt-beldeui-ozgeredi-densaulyq-saqtau-ministrligi-malimdeme-zhasady-42202700.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/09/31947960_271:0:3002:2048_1920x0_80_0_0_c32a723d06626c1a8ec83cce0b64a362.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
уақыт, мектеп
Бір сағат артқа жылжиды: мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктерге сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. 1 наурызда бүкіл республика бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу туралы шешімді сарапшылар мен ғалымдар қабылдағанын атап өтіп, мұны дұрыс шешім деп атады.
"Біз жергілікті атқарушы органдарға, қажет болса, сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз. Бұған ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Мысалы, сабақты таңғы 08.00-ден бастайтын мектептер 08.30-да бастай алады. Әрине, мүмкіндік бар", - деді Бейсембаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 15 өңірі 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытады. Осылайша еліміз бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді.
Уақыт мына өңірлерде өзгереді: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары.