https://sputnik.kz/20240220/bilim-boliminde-680-mln-tenge-urlandy--ustalgan-ayel-barin-zhayyp-saldy-42391227.html
Білім бөлімінде 680 млн теңге ұрланды – ұсталған әйел бәрін жайып салды
Білім бөлімінде 680 млн теңге ұрланды – ұсталған әйел бәрін жайып салды
Sputnik Қазақстан
Білім бөліміне мүлдем қатысы жоқ 40 шақты адамның банк картасына 3 жыл бойы ай сайын айлық түсіп тұрған 20.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-20T12:38+0500
2024-02-20T12:38+0500
2024-02-20T12:38+0500
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_6194a1b0efdb005e603a0a12252ea175.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Алматы облысында ұсталған аудандық білім бөлімнің басшысы бас прокурорға хат жазып, бюджет қаржысын жымқыруға қатысқан басқа да қызметкерлердің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.Іле ауданында білім бөлімінің басшысы 680 миллион жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу материалына сәйкес, Ләззат Қаткеева орта мектептерде ресми түрде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы аударып келген. Осылайша, білім бөліміне мүлдем қатысы жоқ 40 шақты адамның банк картасына 3 жыл бойы ай сайын айлық түсіп тұрған. Шенеунік әйел онымен тоқтамай, өзінің лауазымын пайдаланып, көлік жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы етіп жұмысқа орналастырған. Сөйтіп, тағы 5 миллионға жуық теңгенің айлығын аударған.Қаткееваның қолына кісен салынғаннан кейін әлеуметтік желіде бас прокурорға арнап жазған хаты тарады. Онда бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар өзге қызметкерлердің барын айтқан. Хат соңында Қаткеева аштық жариялайтынын жазып, соған итермелеген адамдардың атын атапты.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_41ac3faec17649d0bf9a072c566bc746.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы
Білім бөлімінде 680 млн теңге ұрланды – ұсталған әйел бәрін жайып салды
Білім бөліміне мүлдем қатысы жоқ 40 шақты адамның банк картасына 3 жыл бойы ай сайын айлық түсіп тұрған
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Алматы облысында ұсталған аудандық білім бөлімнің басшысы бас прокурорға хат жазып, бюджет қаржысын жымқыруға қатысқан басқа да қызметкерлердің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан КТК арнасына
сілтеме жасап.
Іле ауданында білім бөлімінің басшысы 680 миллион жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу материалына сәйкес, Ләззат Қаткеева орта мектептерде ресми түрде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы аударып келген. Осылайша, білім бөліміне мүлдем қатысы жоқ 40 шақты адамның банк картасына 3 жыл бойы ай сайын айлық түсіп тұрған. Шенеунік әйел онымен тоқтамай, өзінің лауазымын пайдаланып, көлік жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы етіп жұмысқа орналастырған. Сөйтіп, тағы 5 миллионға жуық теңгенің айлығын аударған.
Қаткееваның қолына кісен салынғаннан кейін әлеуметтік желіде бас прокурорға арнап жазған хаты тарады. Онда бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар өзге қызметкерлердің барын айтқан. Хат соңында Қаткеева аштық жариялайтынын жазып, соған итермелеген адамдардың атын атапты.