"Аңсаған сәби": биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өту Младенец

Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2024
Жазылу
Былтыр Алматы облысында 523 отбасы тегін экоға қол жеткізді
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында Алматы облысында 532 әйелге перзент сүю бақыты бұйырады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
2022-2023 жылдары 19 000-нан аса әйелге ЭКО жасалыпты. Олардың 7000-нан астамы жүкті болған. Айта кетейік, эко орталықтарына қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы төленеді.
“Былтыр Алматы облысында 523 отбасы тегін экоға қол жеткізді. Биыл олардың саны артып отыр. Жалпы, экстракорпоральды ұрықтандыру еліміздегі 19 клиникада жүргізіледі. Оның 7-уі Алматы қаласында. Алматы облысында әзірге ондай орталықтар жоқ. Алматы облысындағы отбасылар осы клиникалар көмегімен балалы болуға тырысып жатыр”, - дейді ведомство.
Квота алғысы келетін пациенттің мәртебесі сақтандырылған болуы тиіс. Алдымен сәби сүйгісі келетін жұп репродуктологтың кеңесіне бару керек. Оған жолдаманы өз емханасындағы гинеколог береді. Қажетті тексерілулерден соң, пациенттің ЭКҰ жасауға көрсеткіштері сай келсе, құжаттарды жинап, дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда, жұп кезекке тұрады. Былтыр облыс орталығында 30-ға жуық әйел мемлекет игілігін көрді, яғни тегін эко жасалды.
“Жылына МӘМС аясында 1 рет тегін экоға ие болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда келесі жылға кезекке тұра алады. Оның үстіне жасанды ұрықтандыру қызметіне бірнеше рет жүгінетін отбасылар болады. Кез келген отбасына бұл мүмкіндік беріле бермейді”, - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Мысалы, қан қысымының ІІ, ІІІ дәрежелі аурулары, қант диабетінің ІІІ дәрежелі ауруы, психологиялық дерті бар аналық жасушасының ақаулары бар, қатерлі ісікке шалдыққан, инсульт алған әйелдерге болмайды. Өйткені, келіншектің өміріне қауіпті болып саналады.
Жаңалықтар
0