https://sputnik.kz/20240220/almaty-auezhayynda-zhana-terminal-ashylady-42405063.html
Алматы әуежайында жаңа терминал ашылады
Алматы әуежайында жаңа терминал ашылады
Sputnik Қазақстан
Жаңа терминал тек халықаралық рейстерге қызмет көрсетеді 20.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-20T18:29+0500
2024-02-20T18:29+0500
2024-02-20T18:29+0500
алматы
алматы халықаралық әуежайы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15324676_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_41ea6424cef6194daf2e892341b78319.jpg
АЛМАТЫ, 20 ақпан - Sputnik. 2024 жылдың маусым айында Алматы халықаралық әуежайында жаңа терминалы ашылады. Әуежай қалай өзгеретіні туралы Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Ерсой айтып берді.Оның айтуынша, Алматы әуежайына 200 млн доллар инвестиция тартылды, сондай-ақ Еуропалық даму банкі мен басқа да инвесторлардан 4 450 млн доллар құйылған.Оның айтуынша, әуежайда жолаушылар әуежай қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасамайтындай өз бетінше тіркелу үшін қосымша тіректермен жабдықталады.Сонымен қатар Duty Free және 5 жұлдызды демалыс бөлмесі ашылады деп жоспарланған. Альп Эр Тунга Ерсойдың айтуынша, әуежайдағы ұзын-сонар кезек пен төлқұжат бақылауына шағым жиі айтылады, өйткені ғимараттың өткізу қабілеттілігі шектеулі."Біз қабылдау бөлмесінен қақпаға дейінгі уақытты 15 минуттан 3-4 минутқа дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз", - деді Альп Эр Тунга Ерсой.Алматы әуежайының президенті пандемияға дейін оңтүстік мегаполистегі әуежайда жолаушылар ағыны орта есеппен 6,4 млн, ал өткен жылы 9,5 млн жолаушы тіркелгенін айтты.Бұл көрсеткіш 2024 жылы 10,5 млн адамға дейін артады деп жоспарланып отыр."Біз жолаушылар ағыны артатынын біліп отырмыз. Сол себепті тағы бір терминал салуды, тамақтандыру, сақтау сияқты қызметтерді енгізуді жоспарлап отырмыз. Ұшу-қону жолағын да қайта құру жоспарда бар. 2026 жылға қарай ол аяқталады. Егер орта мерзімді даму туралы айтатын болсақ, біз терминал ғимаратын кеңейтіп, қосымша перрондар енгіземіз деп отырмыз", - деді Ерсой.Әуежайды дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларына келсек, 2050 жылға қарай жолаушылар ағыны 25 миллионға жетсе, үшінші жолақ салынуы мүмкін.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15324676_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8d01bb024080a90987cf815bf2df68ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, алматы халықаралық әуежайы
алматы, алматы халықаралық әуежайы
Алматы әуежайында жаңа терминал ашылады
Жаңа терминал тек халықаралық рейстерге қызмет көрсетеді
АЛМАТЫ, 20 ақпан - Sputnik. 2024 жылдың маусым айында Алматы халықаралық әуежайында жаңа терминалы ашылады. Әуежай қалай өзгеретіні туралы Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Ерсой айтып берді.
Оның айтуынша, Алматы әуежайына 200 млн доллар инвестиция тартылды, сондай-ақ Еуропалық даму банкі мен басқа да инвесторлардан 4 450 млн доллар құйылған.
"Біз 2024 жылдың маусымына қарай жаңа терминал ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл терминал тек халықаралық рейстерге қызмет көрсетеді. Біз қазіргі терминалды өзгертеміз, ол ішкі рейстерге қызмет етеді. Сондай-ақ жолаушыларды тіркейтін орын болады", - деді әуежай президенті.
Оның айтуынша, әуежайда жолаушылар әуежай қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасамайтындай өз бетінше тіркелу үшін қосымша тіректермен жабдықталады.
Сонымен қатар Duty Free және 5 жұлдызды демалыс бөлмесі ашылады деп жоспарланған. Альп Эр Тунга Ерсойдың айтуынша, әуежайдағы ұзын-сонар кезек пен төлқұжат бақылауына шағым жиі айтылады, өйткені ғимараттың өткізу қабілеттілігі шектеулі.
"Біз қабылдау бөлмесінен қақпаға дейінгі уақытты 15 минуттан 3-4 минутқа дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз", - деді Альп Эр Тунга Ерсой.
Алматы әуежайының президенті пандемияға дейін оңтүстік мегаполистегі әуежайда жолаушылар ағыны орта есеппен 6,4 млн, ал өткен жылы 9,5 млн жолаушы тіркелгенін айтты.
Бұл көрсеткіш 2024 жылы 10,5 млн адамға дейін артады деп жоспарланып отыр.
"Біз жолаушылар ағыны артатынын біліп отырмыз. Сол себепті тағы бір терминал салуды, тамақтандыру, сақтау сияқты қызметтерді енгізуді жоспарлап отырмыз. Ұшу-қону жолағын да қайта құру жоспарда бар. 2026 жылға қарай ол аяқталады. Егер орта мерзімді даму туралы айтатын болсақ, біз терминал ғимаратын кеңейтіп, қосымша перрондар енгіземіз деп отырмыз", - деді Ерсой.
Әуежайды дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларына келсек, 2050 жылға қарай жолаушылар ағыны 25 миллионға жетсе, үшінші жолақ салынуы мүмкін.