https://sputnik.kz/20240220/akim-oblysta-balalarga-arnalgan-zhardemaqyny-eki-esege-arttyrudy-usyndy-42398037.html
Әкім облыста балаларға арналған жәрдемақыны екі есеге арттыруды ұсынды
Әкім облыста балаларға арналған жәрдемақыны екі есеге арттыруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Оның пікірінше жәрдемақыны арттыру бастамасын пилоттық жоба ретінде іске асырып көруге болады 20.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-20T13:47+0500
2024-02-20T13:47+0500
2024-02-20T13:47+0500
жәрдемақы
балалар
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37179883_0:89:3138:1854_1920x0_80_0_0_1b6c03b26b60a35fd323685c57c14840.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірде халықтың санын арттыру үшін балаларға арналған жәдемақыны екі есеге өсіруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімнің пікірінше жәрдемақыны арттыру бастамасын пилоттық жоба ретінде іске асырып көруге болады.Облыс басшысы жұмыс берушілерге субсидия берудің жаңа тетігін енгізу керек деп ойлайды. Мәселен, жұмыссыз жүрген әрбір адамды жұмысқа алғаны үшін екі жыл бойы 30 АЕК (110 760 теңге) төлеп тұруға болады."Ал оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына өзгеріс енгізіп, экономикалық ұтқырлық куәлігінің сомасын 1 625 АЕК-ке (6 438 250 теңгеге) дейін арттыру қажет. Сондай-ақ көшіп келген жас мамандарға, әлеуметтік осал топтарға және қандастарға бір реттік төлемнің мөлшерін 35 АЕК (138 670 теңге) көлемінде белгілеу мәселесін қарастырған жөн. Осы ақшаға ағаш пен көмір алуға болады. Себебі біздің жақта жылыту маусымы 222 күнге созылады", - деп атап өтті әкім.Оның айтуынша, облысаралық көшіп келушілердің қатарына зейнеткерлерді де қосып, экономикалық ұтқырлық куәлігін беру керек.Айта кетері, кейінгі он жылда өңірдегі халықтың саны 45 мың 800 адамға азайып қалды.
https://sputnik.kz/20240220/senat-spikeri-khalyqty-soltustikke-koshiru-bagdarlamasynyn-tiimsiz-bolganyn-malimdedi-42391970.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37179883_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_003c4510f4c4dab4e5e2ed0bb2a1e340.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы, балалар
Әкім облыста балаларға арналған жәрдемақыны екі есеге арттыруды ұсынды
Оның пікірінше жәрдемақыны арттыру бастамасын пилоттық жоба ретінде іске асырып көруге болады
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірде халықтың санын арттыру үшін балаларға арналған жәдемақыны екі есеге өсіруді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімнің пікірінше жәрдемақыны арттыру бастамасын пилоттық жоба ретінде іске асырып көруге болады.
"Әлеуметтік кодекске өзгеріс енгізіп, баланың туғанына және күтіміне берілетін бір реттік жәрдемақыны, сондай-ақ облыста тұрақты тұратын төрт бала және одан көп баласы бар аналардың ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысын пилоттық жоба аясында екі есеге өсіруге ұсыныс бар", - деді Нұрмұхамбетов сенатта өткен үкімет сағатында.
Облыс басшысы жұмыс берушілерге субсидия берудің жаңа тетігін енгізу керек деп ойлайды. Мәселен, жұмыссыз жүрген әрбір адамды жұмысқа алғаны үшін екі жыл бойы 30 АЕК (110 760 теңге) төлеп тұруға болады.
"Ал оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына өзгеріс енгізіп, экономикалық ұтқырлық куәлігінің сомасын 1 625 АЕК-ке (6 438 250 теңгеге) дейін арттыру қажет. Сондай-ақ көшіп келген жас мамандарға, әлеуметтік осал топтарға және қандастарға бір реттік төлемнің мөлшерін 35 АЕК (138 670 теңге) көлемінде белгілеу мәселесін қарастырған жөн. Осы ақшаға ағаш пен көмір алуға болады. Себебі біздің жақта жылыту маусымы 222 күнге созылады", - деп атап өтті әкім.
Оның айтуынша, облысаралық көшіп келушілердің қатарына зейнеткерлерді де қосып, экономикалық ұтқырлық куәлігін беру керек.
Айта кетері, кейінгі он жылда өңірдегі халықтың саны 45 мың 800 адамға азайып қалды.