Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір уақытта 23 адамды ұстады

© Photo : КНБ КазахстанаКүш құрылымдары Қазақстандағы 8 топты залалсыздандырды
Күш құрылымдары Қазақстандағы 8 топты залалсыздандырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2024
Жазылу
Күш құрылымдары Қазақстандағы 8 топты залалсыздандырды
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 ақпанда Ішкі істер министрлігімен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген ауқымды операцияның қорытындысын хабарлады.
Операциялар Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында, Жетісу облысы мен Шымкентте жүргізіліп, 8 топ залалсыздандырылды.
"23 адам ұсталды, оның ішінде теріс діни ағымдарды ұстанушылар бар. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 адам келуге міндеттелді. Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарды, соның ішінде терроризмді насихаттау, адам ұрлау, бопсалау, сондай-ақ есірткі құралдары мен атыс қаруының заңсыз айналымы сияқты қылмыстарды жасады деген күдікпен ұсталды", - деп хабарлады ҰҚК.
Күдіктілер бірқатар жағдай бойынша өз қылмысын бұрмаланған діни қағидамен "ақтады".
49 тінту барысында атыс қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, қаражат пен есірткі заттары тәркіленді.
Республиканың сегіз аймағындағы операцияға бір мезгілде 250-ге жуық қауіпсіздік қызметкері жұмылдырылды.
Тергеу шаралары жалғасуда.
Жаңалықтар
0